Жаңалықтар

«Иманғали» орталық мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

          Бүгін Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. Алдымен, облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы жаңа бас имам Алтынбек Ұтысханұлын қабылдап, жемісті жұмыс тілеп, осы уақытқа дейін «Иманғали» орталық мешітінде бас имам қызметін атқарған Батыржан Берденұлын «Алғыс хатпен» марапаттады.

          ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы қасиетті жұма намазына жиылған жамағатпен жүздесіп, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен таныстырып өтті.

          «Иманғали» орталық мешітінің басшылық қызметіне ҚМДБ-ның «Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің»  меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы тағайындалды. Ал, алты жылдан астам уақыт бойы «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы қызметін жемісті атқарған Батыржан Берденұлы ҚМДБ-ның «Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің»  меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 

          Мұнайлы өлкеде алты жылға жуық бас имамдық қызметті атқарған ұстаз Батыржан Мансұров осынау уақыт ішінде атқарылған игі істердің бастауында жергілікті жамағат, Атыраудың халқы тұрғанын атап өтіп, жұртшылыққа ризашылығын жеткізді.

          Мешіт жамағаты Батыржан Мансұровтың жергілікті діни мамандар дайындау, мешіттерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету және мешіт салу ісінде ерекше еңбек сіңіргендігін атап өтіп, алғыстарын білдіріп, шапан жапты.

          Қос қызметкердің де қарым-қабілеті мен білім-біліктілігі жайлы ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы жамағатқа қысқаша жеткізе келе, жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі. Мешіт көркі болған ақсақалдар қауымы да Батыржан Берденұлына ақ баталарын беріп, жаңа бас имамға құттықтауларын жеткізді.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля