Жаңалықтар

Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы

       Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен Мақат ауданы Л.Шахатов атындағы орта мектепте «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты мектеп оқушылары арасында шығарма жазудан байқау өтті.

          Байқаудың мақсаты – қоғамдағы жастар ортасында қазақ халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу.

          Облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Р.Алиева қатысушыларға байқау ережелері мен шарттарын түсіндіріп, сәттілік тіледі. Оқушылар берілген уақытты тиімді пайдаланып, шығармаларын жазды.

          Әділ-қазылар алқасы шығармаларды тексеріп, жеңімпаздарды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынмен М.Баймұханов орта мектебінің 11 сынып оқушысы Орынгүл Ғарифоллаева, жүлделі ІІ орынмен М.Баймұханов орта мектебінің 11 сынып оқушысы Аружан Утешова, жүлделі ІІІ орынмен Л.Шахатов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Толқын Ризабек марапатталып, қатысушыларға диплом мен естелік сыйлықтар табысталды. Қалған қатысушыларға алғыс хат берілді.

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля