Тілазар баланы жазалаудың 8 ережесі
Баланы дұрыс тәрбиелеу мақсатында оларға күш қолдану қаншалықты дұрыс? Баланы қолмен жай ғана түртіп қалудың өзі бала пихологиясына кері әсер етеді-міс. Алайда психолг баланы «шапалақпен» ұру балаға қатты зиянын тигізбейді, керісінше ол жүгенсіз кеткен балаларды тезге салудың таптырмас тәсілі көрінеді.
Шапалақпен тартып қалу – ол ұрған болып саналмайды. Сәбидің құйрығынан ақырын ғана ұру «болмайды», «дұрыс емес» деген белгіні білдіреді. Мәселен, екі-үш жастағы бала көп нәрселерді түсінбей жатады, осы кезде құйрығынан шапалақпен ұрып қалу «жоқ болмайды» деген ұғымды оның санасына жеткізеді. Кейбір балалар ұзақ түсіндіруден гөрі, қысқа ғана шапалақпен ғана тезге оңай түседі.
Егер ата-ана баланы сол баяғы бір себеппен ғана шапалақпен ұра берсе, онда тәрбиелеудің бұл әдісі тығырыққа тірелді деген сөз. Мұндай жағдайда ата-ана баласын тезге салудың басқаша әдісін таңдауы тиіс.
Белгілі бір жаста шапалақпен ұрып қалудың ешқандай мәні болмай қалуы мүмкін. Бала есейген сайын, оның ойлау жүйесі де дами түседі. Шамамен алты-жеті жасқа толған балаларға айтып түсіндіру әдісі қолданылады. Ал егер осы ақылмен айту өзінің жәрдемін тигізбесе, онда қандай да бір қосымша шараларды қабылдауға тура келеді. Алайда, физикалық күш көрсету ата-ананың беделін түсірері бек мүмкін. Сондықтан да баланы тезге салатын түрлі тәсілдерді назарда ұстаған жөн.
1. МӘЖБҮРЛЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ
Баланы қандай да бір нәрсеге мәжбүрлей отырып жазалауға, атап айтсақ еден жуу, артық мәтінді көшіріп жазу, бұрышқа тұрғызуға болады ма?! Бірақ баланың реакциясы да ішінара ата-ананы тығырыққа тірейді.
Көпшілік ата-аналар біз баламызды жазаладық, бұрышқа тұрғыздық т.б., алайда ол соған да көнбейді дейді. Егер бала сол жағдайда көндіксе, бұл реакция оғаш болар еді. Әрине, бала жазаға мойын ұсынбайды, жылайды, бұртияды, алайда бұл психологиялық тұрғыдан қалыпты процесс.
Ең бастысы баланы тыңдау қажет. Балаға қолданылған жаза күреске айналса, онда оған қайта айналып келудің қажеттілігі шамалы.
2. БАЛАНЫ ПЛАНШЕТСІЗ ҚАЛДЫРУ
Бала ата-анасына толық тәуелді, көпшілік балалар кәмфит, планшет және басқа да сыйлықтарды еш қайтарымсыз ала алады. Егер бала ата-анасын тыңдамаған жағдайларда оларды «қымбат» сыйлықсыз қалдырып жазалауға болады. Әрине, бұған балалар қарсылық танытады, жылайды, түрлі ерсі қылықтар жасайды. Бірақ егер бала өздігінен барып теледидарды қосып немесе планшетті алып қасарыспаса, бұл жаза түрі өзінің оң нәтижесін береді.
3. ЖАЗАЛАУДЫҢ АУЫР АРТИЛЛЕРИЯСЫ
Анасы баланы жаза қолдану үшін онымен уақытша сөйлеспей қояды. Мәселен, мектептен келе жатқанда: «Сенің әдепсіз қылығың үшін сенімен сөйлеспеймін…»,-деп ең қажетті сөздерді айтумен ғана шектеледі.
Бұл жаза өзінің нәтижесін береді. Бірақ ол психологиялық тұрғыдан ауыр. Баланың әлемі оның ата-анасы, отбасы. Дәл осы кезде бала әлемде жалғыз қалғандай күй кешеді. Жазаның мұндай ауыр түрін шешім таппаған, басқа әдістер өзінің нәтижесін бермеген кезде ғана пайдалану қажет.
4. БАЛАНЫ МАҚТАУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ
Бала кішкентай болған кезде оны мақтап, көтермелей отырып тезге салу ең тиімді тәсілдердің бір. Бала ересектертерді тыңдамай мазасызданып, шектен шыққан кезде ата-ана оны шапалақпен тартып қалып жатады. Балаға мақтау айту оның жүйкесін тыныштандырады. Сондықтан да баланы мақтап және көтермелеп отыру оның мінез-құлқының жақсаруына да өзінің оң әсерін тигізеді.
5. ЕШТЕМЕ ӘСЕР ЕТПЕЙ ҚОЙСА
Баланы тезге салуға ешқандай құрал әсер етпей қойды деген ата-аналар шағымын психологтар жиі естіп жатады. Алайда процесс барысында баланы тезге салудың дұрыс әдісі қолданылмағындығы анықталады. Кей кездері психологтың көмегінсіз тығырықтан шығу мүмкін болмай қалады. Сондықтан да баланы жан-жақты емдетіп, тиісінше шаралар қабылдау қажет.
6. ӨЗІҢДІ ҚОЛҒА АЛА БІЛУ
Көптеген аналар баласының жөнсіз қылықтарына көз жұмып, шыдап бағады. Алайда ол темір адам емес ғой, күндердің күнінде шыдамның шегі бітеді. Осы кезде істі ақылға жеңдіру қажет, әйтпесе жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін.
Ата-ана шектен шығып, ол қылығы үшін кейін баласынан кешірім сұрайтын жайттар орын алады. Бала ата-ананың әрекеті дұрыс па, бұрыс па түсінбейді. Егер бұрыс болса, неге талап етеді? Бұл баланың психологиясына қатты әсер етеді.
7. ӘРБІР ОТБАСЫНЫҢ ӨЗІНІҢ ӘДІСІ БАР
Ата-аналар баласының ерекшелігін жақсы түсінуі керек. Анасының жарты сағат сөйлеспей қоюы бала үшін трагедия, ал кейбірі оны қалыпты жағдай қабылдайды.
Егер бала сезімтал және ақылды болса, онымен барынша жұмсақ қарым-қатынас орнатқан дұрыс, оны жазалаудың орнына мақтап, түсіндіріп жіберу керек. Сезімтал бала жағдайды өзі түсініп, қателігін мойындайды.
Жалпы бала тәрбиесінде біз оларды тезге салу жолдарының тиімділігіне назар аударуымыздың маңыздылығы зор.
8. БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАМАУ
Ата-аналар балаларының көзінше бала тәрибесіне қатысты мәселені талқыламауы керек. Мәселен балаға дауыс көтеру, кәмпит бермеу, бұрышқа тырғызып қоған кезде, отбасындағы екінші ересек адам баланы жақтап шығу жағдайлары баланың мінез-құлқын тіптен нашарлатып жібереді. Балада кімдікі дұрыс, анамдікі ме, әкемдіке ме деген сұрақ туындайды. Ең дұрысы оқиғаға араласпау керек. Жағдайды жеке қалғанда талқылап, ортақ тіл табуға тырысу қажет.
Дереккөз: muslim.kz