Интеллектуалдық сайыс С.Мұқашев атындағы политехникалық колледжінің студенттері арасында өтті
Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен C.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің студенттері арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеуді мақсат еткен байқауда облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің маманы Е.Асқар, колледж психологтары Б.Жанғазиева мен А.Борашева қазылық етті.
Cайыс нәтижесінде шапшаңдығымен көзге түскен «Тұлпар» тобы І орынға ие болса, «Жалын» тобы ІІ орын иеленді.
Соңында барлық қатысушылар арнайы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ студенттерге ақпараттық-танымдық материалдар тартылды.