Жаңалықтар

ОҚУШЫЛАРМЕН ӨТКЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУЛЕР

          Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 12 наурызында Қ.Смағұлов  атындағы орта мектебінің, Талғайран орта мектебінің, Бесікті орта мектебінің оқушыларымен «Рухани құндылықтарды жаңғырту-радикалды идеологияның алдын-алу құралы» тақырыбын қамтыған кездесулер болып өтті.

          Аталмыш шараларға облыстық АТТ мүшесі А.Кенжеғалиев, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы Д.Муханбеталиев, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының тарихшы маманы Е.Абзалов және «Жусан» гуманитарлық операциясымен қақтығыс аймағынан елімізге оралған отбасы мүшесі П.Еркінбай қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

          АТТ мүшесі А.Кенжеғалиев қазақ халқының тарихынан сыр шертіп, ұлттық құндылығымыздың ерекшеліктерін атап өтті. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының талаптары, сондай-ақ ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453 және 490 баптарында көзделген құқықтық жауапкершілік туралы түсінік берген Орталықтың бөлім басшысы Д.Муханбеталиев әлеуметтік желіде қараған, бөліскен әрбір ақпаратқа мұқият болу қажеттігін ескертіп, Орталық мамандары «Оlx», «Вконтакте», «Instagram», «Telegram» cекілді әлеуметтік желілерге тұрақты түрде зерделеу жұмыстарын жүргізіп отырғандығын жеткізді.

            Ал, «Жусан» гуманитарлық операциясымен қақтығыс аймағынан елімізге оралған отбасы мүшесі П.Еркінбай Сириядағы бастан кешкен қиын тағдырын айта отырып, жастық шақтың қанша уақытын жоғалтқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, оқушыларға соқыр сенімнің жетегінде кетпей, туған ел, ата-ана, бауыр, білім алу және уақыттың қадірін түсіну керектігін жеткізді.

          Деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары мен олардың қоғамға тигізер зиянын түсіндірген «Шапағат» қоғамдық қорының тарихшы маманы Е.Абзалов «Дін ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» деген сөздің мағынасына кеңінен тоқталып, қандай жағдайға да саналы түрде қарау керектігін жеткізді.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля