Ақпараттық-талдау орталығының ato.atyrau инстаграм парақшасында ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Атырау облысы Дін істері басқармасының «Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау» бөлімінің бас маманы Е.Ерғалиев пен Ақпараттық-талдау орталығының «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Д.Муханбеталиев онлайн форматта «ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізді. Тікелей эфирді 30-ға жуық адам тікелей тамашаласа, сақталған бейне нұсқасы 80-нен астам қаралым жинады.
Эфир барысында Е.Ерғалиев Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453 және 490 баптарының талаптары бойынша түсінік беріп, жыл басынан бері тіркелген әкімшілік құқықбұзушылықтарды атап өтті.
Орталықтың бөлім басшысы Д.Муханбеталиев әлеуметтік желідегі деструктивті діни ағым уағыздаушыларының ақпараттарына қаншалықты тосқауыл қойылып жатқанын атап өтіп, осы бағыттағы жұмыстарға тоқталып өтті.
Сондай-ақ, ВКонтакте әлеуметтік желісінде зерделеу жұмыстары қалай жүргізілетінін кеңінен түсіндірдіп, дінтану сараптамасына желі қолданушысының парақшасы қандай критерийлер бойынша жолданатынын айтты.