Облыс имамдары мен мешіт қызметкерлері біліктілігін арттырды
Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы негізінде «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 22-23 маусым аралығында мешіт қызметкерлері мен облыс имамдарына арналған екі күндік біліктілікті арттыру курсы өтті.
«Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» тақырыбын қамтыған семинар жұмысында ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, исламтанушы А.Әділбаев, «Aq meshit» мешітінің наиб имамы Қ.Алшынбаев, «Хазрет Сұлтан» мешітінің ұстазы, РАТТ мүшесі, діни-танымдық muslim.kz сайтының орыс тілді нұсқасының редакторы М.Қайырғалиев, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының орынбасары, теолог Т.Талдыбаев дәріс жүргізді.
Семинар аясында зайырлылық ұстанымы мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасын реттейтін ең басты тетік екені кеңінен сөз болды.
Курс барысында сөз алған баяндамашылар «Зайырлылық және дін біртұтас қоғам», «Бизнес жүргізудің шариғи негіздері», «Зайырлы мемлекет және жоғары руханият біртұтас ұлт тұғырнамасы» тақырыптарын қамтыды.
Аталмыш курс нәтижесінде 50-ден астам облыс имамы біліктілігін арттырды.