Жаңалықтар

Министр іс-сапар барысында Дін істері басқармасының жұмысымен танысты

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Балаева Аида Ғалымқызы Атырау облысына жасаған іс-сапары барысында Ақпараттық-талдау орталығына келді. Орталық басшысының орынбасары Г.Қожағұлова министрге 7 бөлімнің атқарған жұмыстарын таныстырып өтті.
Бөлім жұмыстарын таныстыру барысында, Ақпараттық-талдау орталығының басшысы Р.Сейтқалиев әлеуметтік желідегі деструктивті діни ақпараттардың таралуына қарсы арнайы бағдарлама мен 5 бағыт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды таныстырды. Сондай-ақ, 2020 жылғы Ақпараттық-талдау орталығы арнайы бағдарламаға әлеуметтік желідегі 30 мыңнан астам деструктивті топтардың ақпараты енгізілгенін және республика бойынша көш бастап тұрғанын баса атап өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменова, Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев, Ақпараттық-талдау орталығының басшысы Р.Сейтқалиев, Атырау облысының Бас имамы А.Ұтысханұлы, орталық басшысның орынбасары Г.Қожағұлова мен Р.Кульчиков, «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы А.Исаев, «Құспан молла» қалалық мешітінің бас имамы Э.Гумаров. «Әттәқуа» мешітінің имамы Ө.Тілеуов, «Қажымұқан Мұңайтпасов» мешітінің имамы А.Абдировтың қатысуымен жиын өтті. Аталмыш жиынды облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменова ашып, министр А.Балаеваға сөз кезегін берді.
Жиын барысында министр облыс тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жүргізілген басқарманың жұмысымен танысып, бірқатар мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, А.Балаева өз кезегінде отбасы мен ұлттық құндылықтарды арттыру мақсатында діни әдебиеттердің маңызына тоқталып, аталған діни әдебиеттердің санын арттыру жөніндегі ұсынысын сөз етті.
Жиын соңында басқарма басшысы Қ.Дүйсешұлы бірқатар ұсыныстарды баса атап өтті.
0

Автор публикации

не в сети 6 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля