Мақалалар

Зайырлы мемлекет жəне дін

Мақалада қазіргі заманғы зайырлы мемлекет пен дін арақатынасының əлеуметтік-мəдени жəне саяси-құқықтық аспектілері қарастырылып, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарды жетілдірудің жолдары сараланды. Зайырлылық ұғымының полисемантикалық табиғатына назар аударылып, оның мəдени-дүниетанымдық мəнінің де теориялық-тəжірибелік маңыздылығы айқындалды. Зайырлы мемлекеттегі діннің азаматтық қоғам институты ретіндегі орны мен маңызы жан-жақты талқыланды. Азаматтық қоғамның белсенді субъектілері ретіндегі діни бірлестіктер мен ұйымдар қызметінің құқықтық-заңнамалық негізде жүзеге асуы қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуіне зор ықпал ететіндігіне назар аударылды. Құқықтық мəдениет пен сананың діндарлар бойында тамыр жаюы, əртүрлі дүниетанымдық ұстанымдағы азаматтардың өзара түсіністігі мен тағаттылығы, өзара құрметі мен сабырлы сұхбаты – қоғамның кемелденуінің алғышарты. Зайырлы мемлекетте діни құндылықтарды ұстанатын азаматтардың құқықтарының қамтамасыз етілуі маңызды, бұл азаматтық бірегейлікті қалыптастырып, осы санаттағы азаматтардың потенциалын қоғам мен мемлекеттің дамуына жұмылдыруға мүмкіндік береді.

«Зайырлылық» ұғымының ауқымы кең. Зайырлылық аясына гуманистік құндылықтар, соның ішінде адамның ар-ұждан және наным-сенім бостандығын еркін пайдалануы кіреді. Яғни зайырлылық – әр адамның дүниетанымдық еркіндігін құптай отырып, қоғамның рухани саласындағы көптүрлілікті мойындау.

Зайырлылық қағидаты – діни догманы мемлекеттен алшақтату, бірақ дінді қоғам өмірінен ажырату емес. Зайырлылықтың құндылықтар жүйесі адамның ойлау мәнері мен машықтарынан бастап киім үлгілеріне дейінгі мәдени феномендерді қамтиды. Мемлекеттің зайырлылығы діннен бөлектігінен ғана емес, сонымен бірге басқа дүниетанымның басымдығын мойындамауымен сипатталады.

Дінмен күресті жəне атеистік тəрбиені мемлекеттік идеологияның басым бағыттарының бірі ретінде қарастыру, дінді ерте ме кеш пе өз мүмкіндігін сарқитын əлеуметтік институт деп санау мемлекет пен дін, діни қатынастар жəне діни шиеленістер мен қақтығыстарды реттейтін, алдын алатын мамандардың тапшылығын туындатты. Сонымен қатар, діннің қоғамдағы орны мен рөлін объективті бағамдайтын ғылыми əлеуметтанулық-дінтанулық зерттеулердің жүргізілмеуі діни жағдайды дер кезінде талдап, оның кері ықпалдарын залалсыздандыруға мүмкіндік бермеді.

Қазіргі әлемдік тәжірибеде мемлекет пен дін қарым-қатынасының екі типі кең таралған. Біріншісіне сәйкес, мемелекет діннен ажыратылған, екіншісінде мемлекеттегі белгілі бір дінге (дәлірек айтсақ, конфессияға немесе діни ұйымға) басымдылық немесе мемлекеттік мәртебе беріледі. Мемлекеттік мәртебесіне ие болған дінге (конфессия немесе діни ұйым) бірқатар ерекшеліктер тән. Мәселен, мұндай дін меншік иелену немесе заңды тұлға құқына ие, сонымен қатар, мемлекет дінге қаржылық немесе басқада материалдық қолдау көрсетеді, дінге бірқатар заңды өкілеттіліктен беріледі (неке қию, азаматтық хал-жағдайды тіркеу және т.б.), жастар мен балаларды тәрбиелеу ісіне белсенді араласу, кейбір елдерде діни қызметкерлер саясатқа араласу мүмкіндігіне ие болды.

Қазіргі уақытта мемлекеттік дін мәртебесі тек бірнеше Еуропа елдеріне ғана сақталып қалды. Мемлекет пен конфессиялық қарым-қатынастың кооперациялық үлгісіне сай мемлекет пен діни бірлестіктер екі жақты келісім шарт негізінде өзара әрекеттеседі. Бұл келісім шартта тараптардың барлық құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Осындай келісім шарт негізінде діни бірлестіктердің қоғамдық қатынастарға араласуының құқықтық ауқымы анықталады.

Діндерді дәстүрлі немесе дәстүрлі емес деп бөлу олардың мемлекеттегі құқықтық мәртебесін және оларға деген қарым-қатынасты анықтайды. Кейбір елдерде тек дәстүрлі деп танылған конфессиялар ғана ғибадатханалар мен ғимараттар сала алады.

Қоғамдық өмірдің басқа салалары тəрізді рухани сала, соның ішінде аса күрделі дін саласы да терең ғылыми зерттеулер мен реттеуді қажет етеді. Сондықтан мемлекеттің зайырлы сипаты осы саладағы өзекті мəселелерді асқындырып алмай, ықтималды əрі тиімді шешу жолдарын қарастыруда белсенді рөл атқаруын да қамтиды. Бірақ аталған мəселелерді оңтайлы шешу орын алып отырған құбылыстарды ұғымдық категориялдық тұрғыдан талдауды талап етеді. Біз зайырлық, діндарлық жəне тағы да басқа ұғымдарды қолданғанда оларға қандай мəн-мағына береміз, қандай мазмұнда қолданамыз осы мəселені анықтап алуда маңызды.

Еліміз тұтас халық болып қабылдаған Конституция мен ел заңдарының негізінде өмір сүреді. Сондықтан да, діни заңдар мен ережелер, діни бірлестіктер құжаттары бізде құқықтық негізі болып есептелмейді және мемлекеттік органдардың тікелей қызметіне әсер етпейді. Қазақстандағы заңдардың кез келген діни нормалармен байланысы жоқ. Дегенмен заң діни нормалардың жалпы адами және гуманитарлық бағыт-бағдарын ескереді. Қазақстанда қандай да бір діни соттың құзыреті мойындалмайды.

Біздің ойымызша, мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырудың мұндай тәсілі қазіргі көп ұлтты және поликонфессионалды Қазақстанның толымды әрі үйлесімді дамуының мақсатына барынша сәйкес келеді. Себебі Қазақстан елдегі мәдени және дүниетанымдық көпжақтылық пен плюрализм шараларын құрметтейді әрі қалыптастырады.

Алайда мемлекет пен діннің ортақ мақсаты – адам абыройын, ар-намысын сақтау, адамгершілік нормаларының қоғамдық сана мен болмыста терең тамыр алуының алғышарттарына негіз қалау. Адамгершіліктің асыл мұраты алдымен діни қағидаттарда, кейіннен заң нормаларында көрініс тапқаны белгілі. Моральдық-этикалық ұстанымдар – діннің ажырамас бір бөлігі. Діни канондар жинағы (қасиетті ұстанымдар, ережелер) адамзат дамуының алғашқы кезеңінен бастап қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі жүйе болды. Əлемдік діндер – иудаизм, христианшылдық, буддизм, ислам қоғамның рухани жəне адамгершілік өміріне ғана емес, сондай-ақ құқықтық жүйелерінің дамуына да зор үлес косты. Мысалы, христиан діні, христианшылдықтың діни моральдық канондары ұзақ уақыт бойы əлем халықтарының бір бөлігінің қоғамдық өміріне зор ықпал етті.

Адам мен отбасы, қоғамдық қатынастардың барлық саласын тек құқықтық нормалар немесе заңнамалар арқылы реттеу мүмкін емес. Ата-ана мен бала, туысқандық қатынастардың ауқымды бөлігі қоғамда қалыптасқан салт-дəстүрлер, діни нормалар арқылы да реттеледі.

Қазақстанда тіркеуден өткен діни бірлестіктердің, азаматтардың  ұстанатын дініне қарамастан, құқықтарының теңдігі қамтамасыз етілген. Ел Конституциясы кез-келген адамның діни сенім еркіндігінің кепілі бола алады, сондай-ақ, конфессиялық белгілер бойынша кез-келген бөлінушілікке қарсы. Бұған қоса, Қазақстанда мемлекет діндар мен зайырлы азамат, кез-келген діни бірлестік арасында өзара төзімділік пен құрмет қатынастарының орнығуына септігін тигізеді.

Осы тұста 2011 жылдың 11 қазанында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының кіріспе сөзінде атап көрсетілгендей, «Қазақстан халқы мәдени және рухани өмірінің дамуында Қазақстан халқының рухани мұрасымен біте қайнасқан исламның ханафилік бағыты мен православиелік христиан дінінің тарихи рөлін мойындайды» деп жазылғанын айта кету керек. Сонымен бірге, бұл тек осы конфессиялардың ел үшін мәдени маңыздылығын ғана білдіреді және діни бірлестіктер құқықтарының теңдігіне шек келтірмейді, себебі Заң оларға қандай да болмасын құқықтық немесе қаржылай артықшылық бермейді. Мемлекет ислам мен православиеге де, өзге конфессияларға да төзімділікпен қарайды.

Дін мемлекеттен бейтарап саналғанымен, дін мемлекеттің тіректерінің бірі – рухани тірегі болып қала бермек. Бүгінгі таңда еліміздің ішінде оңды-солды тіркеліп, діни үгіт-насихат жұмыстарын екпіндете жүргізіп жатқан әртүрлі діни бағыттағы бірлестіктер мен көптеген жат миссионерлердің істері – халқымыздың, ұлтымыздың келешек болмысына, ата дініміздің бекіп өркендеуіне деген алаңдатушылығын туғызып отыр. Еліміздегі бүгінгі діни ахуал жағдайында бұрынғы өлшеммен жұмыс істеуге болмайтыны белгілі ақиқат.

Зайырлы мемлекет азаматтық қоғамның құрамдас элементі ретіндегі діни бірлестіктердің қызметінде реттеп отырады. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер» туралы заңының 3-бабының 5-тармағында «Азаматтардың дінге көзқарасына байланысты олардың азаматтық құқықтарының бұзылуына, діни қызметіне заңсыз кедергі келтіруге немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлауға жол берілмейді» деп атап көрсетілген.

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля