Қыстың ұзаққа созылуын қазақ халқы қалай болжаған?
Құбылмалы ауа райы туралы осыдан бірнеше ғасыр бұрын ата-бабамыз біліп, сақтанып отырған. Бұл «бесқонақ» деп аталатын күн сәуір айының 10 – 18 аралығын қамтиды. Бұл құбылыс туралы мәлімет еліміздің оңтүстік өңірінен гөрі батыс халқында жақсы сақталған. Бұл туралы аңыз да бар.
Баяғыда бір ауылға 5 конақ жаяулатып,күннің ыстығымен рахаттанып 5 күннің ішінде жетеді екен.Олар сол ауылда 5 күн жатқаннан кейін қайту керек болады. Дәл сол күні күн кенеттен борап ауа-райы күрт өзгереді. Сол ауылдың адамдары оларға қала тұрыңдар десе олар тыңдамай 5 күн жолға шығып кетеді. Жұрттың айтуы бойынша олар сол сапарда қайтыс болған деседі. Сонда қазіргі 5 күн келеді 5 күн болады 5 күн қайтады деген «бес қонақтың» аңызы осылай болған-ды.
Бұл күндердің «бес қонақ» аталуының өз себебі бар. Көнекөз ақсақалдарымыздың айтуы бойынша, осы күндері ауа райы бірде жылы болып, кейде күрт суып кетуі мүмкін. Тіпті кей жылдары қыс мезгіліне қайта келгендей әсер қалдырады. Қар аралас жауын жауып күн суытады. Сол себептен әр күні ауа райы мың құбылып, күтпеген жерден қонақ келгендей болады деп «бес қонақ» аталған.
Қазіргі кездегі еліміздегі құбылмалы ауа райы осы айтылған мәліметпен сәйкес келеді. Бұл кезде қазақ халқы жеңіл киініп сапарға шықпаған, малды ұзақ өрістетіп жаймаған. Ауа райының осындай құбылмалы болуына қарамастан халықтың бәрі «бес қонақ» ырымдаса екен деп күтіп отырған. Егер де «бес қонақ» ырымдамаса жаз қалай болар екен деп алаңдайтын болған. Олардың күдіктері бекер емес, себебі сол жылы жаз жауын-шашынсыз, құрғақ болып, астық бітік шықпайды. Яғни, бесқонақ – қазақтың бірнеше жылдар бойы жинаған тәжірибесі, өмірден түйген сабағы. Осы мәліметтерге сүйенсек осы жылы жаз шұрайлы, жауын-шашынды болып астық мол шығады деп үміттенеміз. Сонымен бірге сәуір айының 18 жұлдызына дейін жылы киімдерін жинап тастамауға, жеңіл киіммен сапарға шықпауға кеңес береміз.
Ақпараттық-талдау орталығының маманы
Әсел Өтешова