Ғибрат

БӘРІНЕН ОЗАМ ДЕСЕҢ…

Қарапайым диханшы жыл сайын күзге салым болатын «жүгері конкурсына» қатысып, ылғи да бас жүлдені жеңіп алатын. Кезекті жеңісінен соң алған олжасын қолтығына қыстырып есікке беттегенде алдын бір жас журналист кес-кестеді.
— Кешіріңіз! Сіз өз жүгеріңіздің жақсы тұқымдарын көршілеріңізбен бөліседі екенсіз. Бұның сыры неде? Олар сіздің бәсекелестеріңіз емес пе?, — дейді бірден сұраққа көшіп.
Сонда дихан: «Сіз егін ұрықтанатын уақытта жел оның тозаңдарын алып, бір алқаптан екінші алқапқа ұшырып апаратынын білмейтін бе едіңіз? Егер менің көршілерім нашар дән егетін болса, оның әсері менің жүгеріме де тиетін еді ғой! Сол себептен, жақсы өнім алу үшін көршілеріме ең жақсы тұқым беремін», — дейді.
Қарапайым диханшы өзі жеңіске жету үшін қарақан басын ойламай, өзгелерді де сүйрей тарту керек екенін жақсы түсінеді. Жеке адамның бақыты көпшіліктің бақытымен болады.

0

Автор публикации

не в сети 22 часа

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля