Жаңалықтар

Дін істері басқармасының басшысы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

Орталық коммуникациялар қызметінің мәжіліс залында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. 

Басқарма басшысы сұхбат барысында дін саласындағы жұмыстардың 2019 жылғы есебіне тоқтала отырып, оларды шешуге бағытталған жұмыстар туралы баяндады. 
Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы әлеуметтік желілерге мониторинг жұмысын күшейту үшін, «Kazdream Media» компаниясы әзірлеген «Интернет-карта» жобасы енгізіліп, аталған карта негізінде қауіпті діни мағлұматтарды автоматтандырылған түрде жинау және сараптау қарастырылғанын, осы арқылы псевдосалафизм идеологиясы таралуын бақылауға, қауіпті аккаунттарды анықтауға, деструктивті діни ағым ұстанушылар таратқан уағыздарын анықтап, жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретінін айта өтті. 
Сондай-ақ, «Жусан» гуманитарлық операциясымен Сириядан оралған азаматтарымен түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізу бағытындағы іс-шараларға тоқталып, қақтығыс аймағынан оралғандармен оларды қоғамға бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын алға тартты. 
Брифинг соңында журналистер тарапынан сауалдар жолданып, нақты жауап берілді.

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля