Жаңалықтар

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы негізінде жоғары оқу орнының студенттерімен Орталықтың мәжіліс залында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өтті. 
Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев пен Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты, теолог А.Сабдин қатынасты. 
Тақырып аясында сөз сөйлеген теолог А.Сабдин: «Бүгінде діни экстремизм мен терроризм әлемдік қоғамдастықты қатты алаңдатып отырған мәсе¬леге айналды. Әрине, заманауи әлемнің қатеріне айналып отырған осынау зұлматтан біздің еліміз де сырт қала алмасы анық. Ол бүкіл қоғамның тізе қосып, күш біріктіруін қажет етеді» — дей келе, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөнінде ой қозғады. 
Кездесу соңында қатысушылар теолог маманға сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля