Жаңалықтар

Индер ауданында студенттермен кездесу өтті

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, Индер ауданы көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде 1-2 курс студенттерімен «Рухани жаңғыру неден басталады?» тақырында кездесу өтті. 
Шара барысында Орталық маманы Д.Байбақты рухани жаңғыру өзімізден, отбасымыздан, елге деген құрмет пен патриоттық сезімнен басталатындығы туралы айтып, жалпы түсінік берді. 
Жиында сөз алған теолог маман Е.Сағынов: «Өмірде ана алақанының қызуы мен әкенің асыл тәрбиесін ең жеңсік ас та, аста-төк байлық та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Отбасында мейірім көрмеген бала рухани ұстанымнан ада болып өсуі, өзін ұлттан алысырақ ұстап, өзге жандарға өшпенділікпен қарауы ықтимал. Мұндай азаматтар әртүрлі жат ағымдар мен экстремистік топтар үшін әлеуетті күшке, дайын материалға айналып кетуі де ғажап емес. Оның үстіне рухсыздық, руханиятсыздық кемел қоғам үшін жат құбылыс, ол – болашағы біртұтас ел құру жолындағы басты бір кедергі болатыны анық. Батыр ата-бабамыз алпауыттар аузына жұтылып кете жаздаған Алаш жұртына араша түсіп, өз ұлты үшін арпалысқан, жұртын ақсатуды емес, асқақтатуды ойлаған. Олардың ұлық үлгісі ұлттық құндылық ретінде жас ұрпақ құлағына құйылғаны абзал. Мәңгілік ел боламын деген мемлекеттің әр тұрғыны жылағанды жұбатып, жығылғанды қолтығынан демеуге даяр тұратын елгезек, мейірімді, кішіпейіл, жылыжүзді болғаны абзал» — деп сөзін аяқтады. 
Шара соңында студенттер өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, пікірлерімен бөлісті. Шараға колледж психологтары мен 50-ден астам студент қатынасты.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля