Мақалалар

ҰЛТ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле», – деген екен Платон. Бұрынғы ата-бабаларымыздың заманындағы білім саласы төмен болған дейміз. Десек те ұрпақ тәрбиесіне келгенде олардың салт-дәстүрге, дінге деген көзқарастарымен ұстанымдары мықты. Ал кейінгі буын, яғни жастардың тәрбиесінен бастап ұстанымдарына дейін әлсізденіп бара жатырғанын көріп, жаның ашитыны сөзсіз.

Қазіргі таңда тәрбие берудің ең негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте жатыр деп ойлаймын. Жаңа заманның балаларына  яғни ұлтымыздың болашағына мейірім мен сүйіспеншіліктің алатын орны зор екенін көріп жүрміз. Балалар махаббатқа әрқашан шөліркеп тұрады.  Ал, балаға махаббатын арнап, көңіл бөлуге кей ата-ананың уақыты болмайды. Себебі, баланы өмірге әкелдік, қайтсек те асырау міндетіміз деп, табыс көзін бірінші, тәрбиені екінші орынға қоюда. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы», – деп әл-Фараби атамыз тектен-тек айтпаған. Өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ең алғашқы сатысы, ата-ананың берген тәлімімен тәрбиесі ұштасып, ортада өзін қалыптастыруда.

Ел болашағы  – кейінгі толқын жастар. Оларды дұрыс  жолға тәрбиелеу елдің жарқын болашағы үшін жасалған игі қадам саналады. Сол үшін де ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше қараған. Ұл мен қыздың тәрбиесінен көз жазбаған.

Ұрпақ тәрбиесінде балабақша мен орта мектептердің тәрбиешілері мен ұстаздарға да артылар жүк аз емес.  Осы орайда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының  «Ұлды ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең  құл болады» деген сөздері де тәрбиенің  көз жұма қарайтын нәрсе емес екенін аңғартып тұр емес пе?  Сондықтан да қай кезде де ұрпақ тәрбиесі  бірінші орында тұрады.

Балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің  баланы  тәрбиемен қатар оқытуда атқарар жұмыстары да ауқымды. Бұл орайда ұстаздарымыздың келер ұрпаққа тәрбие берерліктей білімі мен парасаты болуы керек. Яғни, бірінші кезекте  білімі мен білігін, тәрбиесін өздерінен бастаған абзал.

Бүгінгі күн ұрпақ тәрбиесіне  ерекше мән беруді талап етеді. Теледидардағы кейбір жағымсыз сериалдар мен өзге де бағдарламалар  жас ұрпаққа  жағымсыз әсерін тигізуде. Өкініштісі сол, оны бала санасынан шектемек түгілі, бірге көріп талқылағанды қайтерсіз?!   Алдау мен арбау, бейәдеп сериалдарды көрсету ұрпақ тәрбиесіне жасалған үлкен қиянат дер едім. Осындай сериалдар мен бағдарламаларды экран бетіне жақындатпасақ, бала тәрбиесіне қосқан үлесіміз болар еді.  Ата-ана  – баланың өмірлік ұстазы әрі тәрбиешісі, сондықтан баланың болашағының жарқын болуы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты болмақ.

Қай елдің, қай кезеңде болмасын  алдында тұратын ұлы міндеттерінің бірі – өздерінің қажырлы істерін, өмірлерін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жастарды жан-жақты білімді, парасатты, мәдениетті етіп тәрбиелеу – алдыңғы буынның қоғам алдындағы борышы. Ал, жастар тәрбиесінде халықтық салт-дәстүрлердің алар орны ерекше.  Халқымыз  рухани мол байлықтың  мұрагері десек, сол мол мұраны келер ұрпаққа  жеткізіп отыру – тәрбиенің бастауы іспетті.  Тәуелсіз елдің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіруде  еңбек ету баршамыздың парызымыз.

«Шапағат» ҚҚ психолог маманы

Ф.Самирова

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля