«Azan» интернет-радиосы жұмысын бастады

Атырауда «Иманғали» орталық мешіті жанынан діни, рухани-танымдық бағыттағы «Azan» интернет-радиосы жұмысын бастады. Aтырау облыстық дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында ашылған радио ҚМДБ Атырау облысы өкілдігімен бірлесе жұмыс істейді. Радионың арнайы ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы және Сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы, зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты. Іс-шараны ашқан ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап, қоғамға пайдалы ақпараттармен насихаттауда радионың орны зор екенін атап өтті. «Адамға насихат ең бірінші құлақпен есту арқылы жетеді. Сол себепті жаңа істеріңіз берекелі болсын» деп батасын берді. Атырау облысы дін істері басқармасының бас маманы Қаһарман Рахметұлы дін саласындағы өзекті мәселерді имамдарымыз бен бірлесе отырып шешуде жаңа жобалар жалғасатынын айтты. Ал наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы радионың алғашқы қонағы ретінде сұхбат берді. Қайнар көзі: muftyat.kz Тегтер: «Azan» интернет-радиосыжаңа радио

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: «Azan» интернет-радиосы жұмысын бастады | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 7 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля