Жаңалықтар

“Телефон террористері”: мақсаты және жазасы

Терроризм – елдің тынышты­ғын бұзу, қоғамды үрейге бө­леу мақсатында жасалатын қылмыстық әрекет болса, тер­ро­ристік актілер туралы жал­ған хабарлама берудің әсері одан кем емес. Құқық қор­ғау құрылымдарының тиімді жұмыс жүргізуі арқасында ел-жұрт жарылыстар мен атыс-шабыстан аман. Алай­да жалған хабарлама беріп, жұртты дүрліктіретін бұзақы­лар­дың әрекеті тыйылар емес. Бұзақылар көпшілік орындарды таңдайды Мұндай қылмыстардың ел ішінде қорқыныш пен үрей туғызатыны өз алдына, одан бөлек мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысына кедергі келтіріп, орасан зор шығынға батыратыны белгілі. «Жарылғыш зат қойылды» деп хабарланған ұйым­ның, мәселен әуежайлар мен сау­да орындарының жұмыс кес­тесін бұзып, ұшақтардың ұшу уақы­ты­ның кешігуіне немесе сауда-сат­тық­тың тоқтауына түрткі болады. ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қи­мыл департаменті 1-басқарма бас­ты­ғының орынбасары, полиция пол­ков­нигі Алмас Талқанбаевтың айтуынша, тәртіп сақшыларының осын­дай жалған шақыртуға бір рет шы­ғуының өзіне 200-300 мың тең­ге көлемінде қаражат жұмсалады екен. Ал ірі сауда орталықтарының жұ­мысы тоқтаса, әр сағат сайын миллиондаған теңге шығын келе­ді. Қылмыстық істерді тергеу бары­сында мемлекетке келтірілген мате­риалдық залалдың өзі жыл сайын 500 мыңнан бастап 2 млн теңгеге дейінгі соманы құрады. Ғимаратқа жарылғыш зат қойыл­­ғаны туралы хабарлама түскенде оның рас не жалған еке­нін бірден анықтау мүмкін емес. Мұндай «жа­рыл­ғыш заттарды» қоюға қоғамдық дүмпу тудыру үшін адам көп жүретін қоғамдық орындар мен мекемелер әдейі таңдалады. Мәселен, сауда орындары, университеттер, мектептер, базарлар, мемлекеттік мекемелер, т.б. Сондықтан болуы ықтимал апаттың және адам шығынының алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарына барынша жедел әрекет етуге тура келеді. Ең алдымен, адам­дардың бәрін қауіпті аймақтан эвакуациялайды. Сосын ғимаратты бірнеше сағатқа жауып, арнайы мамандар хабарламаның рас-өтірігін анықтау үшін ғимараттың ішін түгел­дей тексереді. Ол жерге полиция­дан бөлек, ұлттық қауіпсіздік орган­да­рының, өртке қарсы қызмет және медициналық жедел жәрдем күш-құралдары жұмылдырылады. Осы­лайша, жарылғыш затты іздеу және оның салдарын болдырмау үшін кезек күттірмейтін шаралар қабылданады. Жалпы айта кету керек, бүгінге дейін елімізде телефон арқылы түскен жалған хабарламалардың бар­лығы да расталған жоқ, яғни өтірік болып шықты. Алайда «құ­мыра да мың күнде сынбайды, бір күнде сынады». Әрбір келіп түскен ақпаратқа селқос қарамай, жіті тексерілуі керек. Өйткені оның артында, ең біріншіден, адам өмірі мен денсаулығы тұр. Себепте шек жоқ… Жалған хабарлама жасайтын бұзақылар мұндай оқиғаның салдары қаншалықты ауыр болатынын әсте біле бермеуі мүмкін, білсе де оған салғырт қарайды. Мысалы, көпшілік орында тез арада сыртқа шығу туралы дабыл берілгенде адамдар қорқыныштан бір-бірін итеріп, тапап мертігіп қалуы ғажап емес. Олардың арасында жүкті әйелдер, мүгедектер, кішкентай балалар да болуы мүмкін. Бұл жағдай олардың денсаулығына ғана емес, психологиясына да кері әсерін тигізеді.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: “Телефон террористері”: мақсаты және жазасы | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 5 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля