Мақалалар

Діни топтардың консервативті ұстанымдары

Орталық Азия континетіндегі діни ахуалдың әралуандығы түрлі тенденциялардың дамуына әсер етуі ықтимал. Қазақстанда іс-әрекетіне сот шешімімен тыйым салынған «Таблиғ жамағат» діни миссионерлік ұйымына көршілес Өзбекстан елінде шектеу қойылған, алайда Қырғыз елінде бұл ұйымға қатаң шектеулерді енгізуді қолға алмай отырғаны белгілі. Аталған миссионерлік ұйым бастауын индо-пакистандық аймақтардан алады, діннің қағидаларын көпшілікке жеткізуші топ ретінде қалыптасуымен, салдарында «жабық анклавтық сипаттағы жүйелік қозғалыс» құрып, шетелдегі күмәнді діни оқу орындарына Орталық-Азиядан жақтаушыларды тартумен айналысып келген. Еліміздегі бұл ұйымның қызметі 2000-жылдардың басында белсенді көрініс тапқан, ауыл аймақтар мен қалаларда «таблиғшылар» уағыздарын жүргізу арқылы шағын топтарды жинап, мұсылманшылықтың қағидаларын (жергілікті адамдарға иман сенімдерін үйрету, фиқh негіздері бойынша намаз орындау сияқты ғибадат ережелерін ұстануды үйретпекші болған), насихаттаймыз деген ұстанымдармен аптасына 3 күнге, 7, 40 күндерге ауыл аймақтарды, аудан, қала көшелерінде үйлерді аралып дінге шақыруды көздеген болатын. «Таблиғшылар» өкілдері осындай тіркелмеген және діни білімдері ресми расталмаған іс-әрекеттері үшін құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше ескертулер, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мемлекеттік органдардың қабылдаған құқықтық шараларына бой ұсынбай жұмыстарын жалғастырғандары белгілі болып, 2013 жылы Астана қаласы Сарыарқа ауданы сотының шешімімен «Таблиғ жамағат» ұйымы экстремистік деп танылып, негізгі діни әдебиеттері де қосымша тізімде «Фазаил амал» кітаптары таралуы мен насихатталуы сот шешімдерімен тыйым салынды. Діни ұйымның басты қателіктері мен салдарынан туындаған үрдістер азаматтық қоғамдағы өркениетті факторларды қабылдамауды үгіттеп, орта ғасырлық үлгідеге киім кию мәдениетін, әлеуметтік ортаға консервативті шетелдік проекциядағы түсініктерді насихаттаған, діни бағыттағы білімді «авторлығы белгісіз шетелдік ұстаздарының» әдебиеттерінен алуды ұсынған. Дәстүрлі ислам құндылықтарына сәйкес келмейтін, медреселік білім алу механизмдерін, рухани ілімді таратушы ұстаздық қызметті кез-келген жастағы ағымның өкілдеріне (психологиялық ықпал жүргізетін, өмірлік мысалдармен ағымға үндейтін) тапсыруды жөн санаған. Ағымға толығымен сенім артқан жастарды Пәкістан, Ауғанстан аймақтарына шақырып, биресми орталықтарда идеологиялық «ақпараттық шабуылдың» әсерімен жақтастарын қалыптастыруды мақсат құрған. Қазіргі таңда, «таблиғшылар» ағымы елімізде құқықтық шаралардан кейін бірқатар белсенді жетекшілері сот тәртібімен жауапкершілікке тартылған, қабылданған шаралар тиісті нәтижелер беруде. Мәселеге алаңдататын фактордың бірі, көршілес Қырғыз еліндегі осы діни топтың із-басарларының саны кейбір деректерде 300 000 астам мүшені құрайды, белсенді топтарда 50 000 астам мүшелері бар. Қырғыз көрші мемлекетте күмәнді діни ағымдармен күрестің нәтижелігі артуы біздің елгеде тиімді. Қорытындап айтқанда, «таблиғшылар» ұйымының қызметі қазақстандық қоғамның даму бағыттарына кері әсерін тигізуі мүмкін, бастапқы діни амалдарды түсіндіреміз деген ағымның идеялық мақсаттары шетелдегі радикалды ұйымдардың жасырын жоспарларын орындауға бағытталу қаупі бар. Осыған орай, халықаралық құқықтық актілер, көршілес мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік органдары, Мүфтияттар, сарапшы мамандардың басқосуымен, аймақтағы рухани экспансияның диверсиялық тәсілдерін алдын алу, шара қолдануды қарастыру күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып табылады. Алмасбек Шағырбайдың фейсбук парақшасынан

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Діни топтардың консервативті ұстанымдары | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля