Мақалалар

БУКВАЛИЗМ – ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

Сәләфизмнің негізі, оның идеологиясы буквализмге негізделген. Буквализм дегеніміз – аят-хадистердің мән-мазмұнын тереңінен үңіліп-түсінбей, үстінен желіп өтіп, құдайлық мақсатына, адамға пайдасына қарамай, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен шарттарды ескермей, тура мағынасында ұғынуға талпыну. Олардың идеологиясы осы – буквализм. Яғни, бұл ақыл-есті шектеу болып табылады. Буквализм-сәләфтардың дінді кеңінен ойлауға емес, бір жолда ғана ойлап, аятты тікесінен түсініп оны ашықтамауға ұмтылады. Олардың пайымдауы бойынша Құран аяттарын ашықтап түсіндіру «ол – философия» дейді. Аллаһу Тағала тарапынан қалай түсінік келді, тура солай жасаумыз керек деген пікірді ұстанады. Қандай да бір мәселеде үкім шығарылған кезде Құраннан, сүннеттен, ижмағ жасап немесе қияс жасап, олардан табылмаса әдет-ғұрыптан үкім алынады. Ал буквализмді ұстанушылар салт-дәстүр ұғымын мүлдем елемей, ата-бабаларымыздан келе жатқан шариғат шеңберіндегі мәселелерді де ығыстырып қояды.  Фанатты буквализмнің профилактикасы адам ойына  – рационализмді егу. Құранның (улиль-альбаб, кальб, фуад және т.б) ақыл-ой иелеріне арналған 40 аяты, сонымен қоса  ойлауға,  түсінуге, көру мен зерттеуге (татафаккарун, та`кылюн, тубсырун, лияддаббаруу және т.б.) берілген 100-ден аса аяттар. Бұл әдістердің әрқайсысын бөлек-бөлек талдауға болады.

Буквализмнің тағы бір салдары сәләфиттер арасындағы ауызбіршіліктің жоқтығы мен өз көшбасшыларының соңынан соқыр сенімге (тақлид) ерулерінде деп айтуға болады. Сәләфтардың араларында бір-бірінен бөлініп, адасушылыққа алып баратын іс-әрекеттер жасайды. Ислам діні – бауырмалдылыққа, Алланың жібін бірге ұстауға шақырса, сәләфтар дінді тереңінен білмей, білімсіздіктің әсерінен дінде бүлік тудыртып, кері әсерін тигізуде.

Құранды оқыған кезде, оның мән-мағынасын түсініп, білім алып, фиқх, ақида, ахләқ ілімдерін жетік меңгеріп, Ислам жолын дұрыс ұстану қажет. Өзің білмей адасып, білгеннің тілін алмай жүру ол мұсылмандылықтың белгісі емес.

Бүгінгі қоғам діни сауаттылықтың ауадай қажет екенін жоққа шығармайды. Қазіргі ақпараттың кең дамыған уақытында ақпараттық ресурстарды қолданып халықты дұрыс мәліметпен  қамтамасыз ете алсақ, өз жемісін берері сөзсіз. Сонда ғана еліміз өркендеп, діни сауатты азаматтарымыз көбейіп, мемлекетімізді теріс діни ағымдардан сақтап қаламыз.

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан

 жапа шеккендерге көмек орталығы»

қоғамдық қорының теолог маманы

 А.Оспанова

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля