Без рубрики

ЖАСТАР ЖАТ АҒЫМҒА НЕГЕ ӘУЕС?

Дін – адамзат тарихында жаратылысынан бері бар, әрі барлық дәуірде адаммен бірге жасасып келеді. Дін – туралық пен әдемілікке жетелеп, адамды өз жаратылысына жетілдіретін ілім. Ол мемлекеттен бөлек болғанымен, қоғамның іргетасын қалайтын идеологиялық құралдың бір саласы. Сол себепті де қоғамда ақпараттық – идеологиялық қауіпсіздікті сақтауда діннің рөлі зор.

Бүгінгі таңда радикалды діни ағымдардың жетегіне еріп кету қаупінде жүрген жастарды көптеп кездестіріп жатамыз. Оған себеп діни сауаттылықтың болмауы. Дінді толық танымай, шала сауатпен бастап, өзінің қалай адасқанын білмей жатады. Ғаламторда кез – келген материалды алу әр кім үшінде қолайлы. Діни материалдардың Қазақстан аумағында кең көлемде тарауы, оған жастардың көптеп кіруі, әлеуметтік желілердегі тыйым салынған уағызшылардың, экстримистік сайттардың еркін қолжетімділігі , бұның бәрі — идеологиялық қақтығыстар. Жастар ішкі толғанысын айтуға психологиялық көмек іздеп, өмірдің сан алуан соққыларын көтере алмай әлеуметтік желіге жүгінері сөзсіз. Ғаламтор арқылы өз бетінше құран жаттап, намаз оқу, діни салт-дәстүр мен дін туралы ілім және дінге қатысты ақпаратты оқып, видеосын көруге болады. Өкінішке орай бұл ақпараттардың арасында арам пиғылын іске асырғысы келетіндер де аз емес. Дінде жұбату – бірінші әдіс, жұбата отырып, өз жетегіне ыңғайлауы тағы бар. Үш-төрт минуттық әдемі фонда, әдемі музыкамен, қысқа қайырылған жазбаларды тыңдап, оларға еріксіз сенетін жастар да бар. Бұның барлығы адам психологиясына, санасына кері әсерін береді.

Келесі кезекте, жастардың басқа бағытқа тез  икемделуі отбасы иститутының әлсіреуінен де болады. Ол дегеніміз отбасынан діни құндылықты естімегеннен, ондай тәрбие болмағандықтан да болады. Жастардың сенгіштігін пайдаланатын, арам пиғылын іске асырғысы келетіндерге ілесіп кететіндер де сол отбасыдағы тәрбиенің дұрыс берілмеуінде. Ол ата-ананың баласын дұрыс бақылауда ұстамағандығынан.  Теріс ағымға арбаушылар да уақытша қиындыққа төзімсіз, өмірлік тәжірибесі аз, діни сауаты таяз жастарды тартуға тырысады. Себебі, білімсіз жастың сенгіш  және еліктегіш болатынын олар да жақсы біледі.

Сонымен қатар әлеуметтік жағдайының теңсіздігі жат ағымға кетудің тағы бір себебі. Жұмыссыздықтан, тұрмыстық деңгейінің ауыртпашылығынан шаршаған жас әлеуметтік желідегі жарнамаларға сеніп, қаржыдан қысылғанға көмек береміз деп шақырғанға еріп, әр түрлі ұйымдарға қалай кіргендерін өздері де білмей жатады. Сол үшін де әрбір ата-ана  баласына ұлттық құндылық пен салт-дәстүрді үйретіп, ғаламтордың ғажабына кірем деп, азабына кіріп кетпеуін жіті бақылауда ұстағаны абзал.

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан

 жапа шеккендерге көмек орталығы»

 қоғамдық қорының теолог маманы

С.Сариев

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля