ДІНИ ФАНАНТИЗМ – ҚОҒАМҒА ҚАУІП ТӨНДІРУШІ ФАКТОР
Діни фанатизм қазіргі қоғамға оның тұрақтылығына, қауіпсіздігіне және дамуына үлкен қауіп төндіреді. Бұл мәселе жаһандану және мәдени және діни дәстүрлердің алуан түрлілігі жағдайында өзекті бола түсуде. Бұл мақала қоғамға қауіп төндіретін діни фанатизмнің негізгі аспектілерін талдауға және анықтауға бағытталған. Діни фанатизмді шектен тыс сенім немесе діни сенімдерге берілгендік деп анықтауға болады, көбінесе басқа конфессияларды немесе олардың өкілдерін қабылдамау және толеранттылыққа қарсылықпен бірге жүреді. Фанатиктің фундаменталды қажеттілігі ол анық бағдар жүйесі мен табыну обьектісінің болуында. Өйткені өзінің ішкі негізі психологиялық жағынан тұрақсыз, өз өзіне деген күмән болғандықтан, сенімінің бар екенін, оның тақуалығын қоршаған ортаға көрсетуі, оны бірінші кезекте өзіне дәлелдеу әрекеттерін бақылауға болады. Фанатизм санада үстемдік алғанда, адамның бүкіл өмірі діни идеяның айналасынан шықпайды. Өзін дінмен берегейленгенін сезгеннен кейін әлемді ақ пен қара, дос дәне дұшпан санатына бөледі және өз ойымен сәйкес келмеген кез келген қарсы пікірге төзімсіздік танытып, өткір эмоционалды жауап қайтарады. Фанатизм әртүрлі идеялар мен дүниетанымдардың қатар өмір сүруіне жол бермейді. Тек жау бар. Қарсылас күштер біртұтас жау ретінде ұсынылған. Фанатизмге пайда болып жатқан скептецизмге қарсы реакция ретінде сипат берсе болады, себебі ол ішкі жанжалды күшейтіп қана қоймай қол жеткізілген бірегейлікке қауіп төндіреді. Қарсылас, жау ретінде онсыз да әлсіз «тіректерді» шайқайтындар болып саналады, мысалы ыңғайсыз сұрақтар қойып, өз көзқарасын, келіспеушілігін білдіріп оны дәлелдесе. Діни фанатизм әдетте көптеген күрделі себептер мен даму факторларына ие:
-Қасиетті мәтіндерді интерпретациялау: контекст пен тарихи перспективаны есепке алмай, қасиетті мәтіндерді тым сөзбе-сөз түсіну.
— Әлеуметтік және экономикалық тұрақсыздық: кедейлік, жұмыссыздық, әлеуметтік теңсіздік радикалдануға ықпал етуі мүмкін.
— Саяси айла-шарғы: діни сенімдерді саяси мақсаттарда пайдалану.
-Топтық динамика: радикалды көшбасшылар мен қауымдастықтардың ықпалы, оқшауланған қауымдастықтар құру.
Діни фанатизмнің қоғамға тигізер деструктивті ықпалы:
— Қауіпсіздікке әсері: Діни фанатизмді жақтайтын экстремистер өз мақсаттарына жету үшін зорлық-зомбылық пен лаңкестік әрекеттерге баруы немесе өз сенімдерін басқаларға таңулары мүмкін. Бұл адам өмірін қатер төндіруіне, дене жарақатына және қоғамдағы хаосқа әкелуі мүмкін.
— Адам құқықтарының бұзылуы: Аталмыш топтар мен көшбасшылар адам құқықтарын, әсіресе дін немесе сенім бостандығы құқықтарын бұзуы мүмкін. Бұл олардың діни нанымдарын бөліспейтін адамдарды кемсіту мен қудалауды қамтуы мүмкін.
— Қоғамның поляризациясы: әлеуметтік және діни алауыздықтардың күшеюі. Діни фанатизм қоғамдағы әртүрлі діни және этникалық топтар арасындағы қайшылықтардың тереңдеуіне ықпал етеді. Бұл осы топтар арасындағы қақтығыстар мен шиеленістердің күшеюіне, қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін.
— Экономикалық шығындар: тұрақсыздық салдарынан инвестиция мен дамудың төмендеуі.
Діни фанатизмді ауыздықтау үшін бірқатар шаралар қажет. Жалпы білім және ағарту әдістері, қоғамда әртүрлі діндер мен мәдениеттер туралы хабардарлықты арттыру. Сонымен қатар саяси көшбасшылардың қоғамның өміріне белсенді қатысуы. Заң үстемдігін нығайту, экстремистік ұйымдарға және үгіт-насихатқа қарсы заңнамалық шаралар қолдану. Халықаралық ынтымақтастық арқылы ақпарат алмасу және трансұлттық экстремистік топтарға қарсы күресте жинаған тәжірибені пайданану, бірлесіп әрекет ету.
Жаһандану үдерістері біздің санамыз бен ойлау мəнерімізге, жүріс-тұрысымызға ықпал етуде. Дүниедегі адам өзінің нəзік тіршілігін сақтап қалудың жаңа тəсілдерін қамдау қамында. Өзгерген дүние адамның да өзгеруін талап етеді. Қазіргі қоғам өз өзімен тұйықталған діни біртұтастық емес, керісінше көптеген этностардың, діндердің көп түрлі тұтастығы. Қазіргі қоғамның қай саласын алып қарасаңызда онда діни алуандылықты байқайсыз. Кез-келген тіршілік иесінің өз тіршілігін сақтауға ұмтылуы табиғат заңдылығы. Сол сияқты өзге құрылымдарда өзінің бірегейлігін қамтамасыз ететін айшықтарын: тілін, дінін, салт-дəстүрін, дүниетанымы мен құндылықтарынан бас тарпайтыны заңдылық. Сондықтан осы заңды талпынысты мойындай отырып, «бейбіт қатар өмір сүрудің» ортақ қағидаттарын қалыптастыру – қазіргі қоғамның күн тəртібіндегі маңызды мəселенің бірі. Біз әркім өз дінін қорқытпай және кемсітусіз еркін ұстана алатын толерантты және беделді қоғам құруға ұмтылуымыз керек.
Мейірбек Құбышев
«Шапағат» қоғамдық қоры
директорының орынбасары