Мақалалар

Жат ағымның дәстүрлі құндылықтарымызға келтірер залалы

Жат ағымның дәстүрлі құндылықтарымызға келтірер залалы

Ғасырлар бойы ұлы даламызда салтанат құрып келе жатқан ислам дінінің қадір-қасиеті адамзат баласы үшін басты құндылық. «Алланы бір, Пайғамбарды хақ, Құранды шын» деп таныған ата-бабаларымыздың аманатына адалдық таныту – бүгінгі міндет.

Алайда, қазіргі кезде дін төңірегінде түрлі дау-дамайдың, пікірталастың көбейіп кеткені жасырын емес, елдің ішін алатайдай бүлдіріп, өзінің әр жерден естіген, көрген нәрселерін дінге әкеліп таңғысы келетіндер де бар. Ал дінді дұрыс түсіну адамның өзінің таным-түйсігіне байланысты.

Қазіргі кезде имандылық жолына қарай бет бұрған жастар көбейді. Өкінішке қарай, кейбір жастар дәстүрге қарсы шығып, дінді бұра тартуда, дәстүрлі дінді жат ағыммен шатастырғандар жалған сенімнің артынан еріп кетуде. Жат ағымдар ежелден халқымыз ұстанып келген дәстүрлі ислам құндылықтарын теріске шығарып, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызға кереғар пікірді қалыптастырады.

Зайырлы мемлекетіміздегі дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі. Сондықтан да жастарды әртүрлі жат ағымдардың жетегінде кетуден сақтандыру үшін оларды жастайынан өзінің асыл дінін, төл тарихын, ұлттық құндылықтарын бойына сіңіріп өсуіне баса мән беру өте маңызды.

«Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің», дейді халық дана­лығы. Ең бас­­тысы, дін – ақи­қаттың, ізгіліктің шы­рақшысы. Қоғамды бүлікке емес, бірлікке бастау­шы ілім. Сондықтан да жат ағымның жақ­сылыққа апармайтынын білген жөн.

Ә.Рашитов, «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ бөлім басшысы

 

 

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля