Мақалалар

Жаһандық дінаралық диалог – бейбітшілік кепілі

Әлемдік тәртіптің жаңа тепе-теңдігін іздеуде жаһандық дінаралық және конфессияаралық диалог алаңын қалыптастыру идеясының қазақ даласында көтерілуі қазіргі уақыттағы маңызды оқиғалардың бірі болып отыр. Тарих тереңіне көз жүгіртсек, маңызды сауда дәліздерінің үстінде орналасқан қазақ даласы түрлі өркениеттер мен мәдениеттердің тоғысатын кеңістік болғандығын көреміз. Еуразия құрлығының жүрегінде орналасқан осы бір кең байтақ жер (әсіресе, оның Түркістан өңірі) орта ғасырларда Ислам өркениетінің ғылымы мен білімі, экономикасы мен технологиясы қарыштап дамыған, оның алтын ғасырына куәгер болған кеңістік еді. Дәл сол секілді, қазақ даласы мыңдаған жылдық тарихында солтүстігінде – Жерорта теңізі және Еуропа, шығысында – Қытай, оңтүстігінде – Үндістан өркениет кеңістігімен аралас-құралас жатты. Бұл қазақ мәдени кеңістігінің өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырды. Біріншіден, бұл мәдени кеңістік өркениеттер мен мәдениеттердің алмасуы кезеңдерінде олардың озық мәдени өнімдерін өзінің болмысына сіңіріп отырды. Екіншіден, қандай мәдениет пен дін келсе де, олар бұл далада бейбіт қатар өмір сүрді. Осы себепті, қазақ даласының геосаяси және логистикалық маңыздылығына қарамастан бұл кеңістікте тарих жазыла бастаған кезеңнен ірі қанды соғыстардың орын алмағандығын байқаймыз. Еліміз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары бұл ерекшелік әлемнің ірі державаларының күштерін тепе-теңдікте ұстау мақсатында туған көпвекторлы саясатта, кейінірек, аталған Нью-Йоркте орын алған террорлық актіден кейін Астанада діндер мен конфессияларды бір араға жинап, диалогқа шақыратын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі алаңының құрылуында көрініс тапты. ХХІ ғасырдың басында еліміздің басшылығы ұсынған жаһандық диалогта дін лидерлерінің мүмкіндіктерін қолдану бірегей идея еді. Өйткені, ірі өркениеттер мен мәдениеттердің іргетасында оның рухани мәйегі және өзегі болып табылатын әлемдік және дәстүрлі діндердің ілімдері жатқандығы белгілі. Өз кезегінде, дін сол қауымның мәдени болмысына да әсер етеді. Әлемдік және дәстүрлі діндердің ілімдерінде өркениеттер мен мәдениеттердің қиын-қыстау кезеңдерінде сол кеңістікті біріктіре алатын ерекшелік, терең күйзеліс ғасырларында өміршеңдік үшін рухани тірек болатын қауқар, сондай-ақ, бірлікке талпыныс, бейбітшілікті насихаттау арқылы келісімге келу, әділеттілікке сену мен мазлұмды қорғау және осының барлығының жиынтығы ретінде терең адамсүйгіштік құндылықтар жатыр. Тиісінше, бір диалог алаңында осы ерекшеліктерді насихаттау, оны тілге тиек ету және жүзеге асырудың тетіктерін іздеу – бұл бір-бірін танудың және келісімге келудің ең жақсы стратегиясы екендігі сөзсіз. Халықтың 85 пайызы өзін қандай да бір діннің ерушісі деп танитын бүгінгі әлемде бұл жағдай шынайы маңызға ие.

Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің елімізге жасаған іссапары барысында көтерілген және еліміздің бастамасымен шынайылыққа айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі әлемде орнаған хаос пен өзара сенімсіздікті сейілту және бейбітшілік пен келісімді орнатуда тың идеялар айтылатын алаңға айналғандығын білеміз. 2003 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан Съезге әлемнің ең ірі дін лидерлері мен беделді саяси көшбасшылары қатысуда. Съездің беделі жыл сайын артып келеді және 2022 жылы өткізілген  VII Съез жұмысына әлемнің 50-ден астам елінен 100-ден астам делегация қатысқан болатын. Сөзсіз, еліміз ұсынып отырған Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі әлемнің 4 құбыласы саналатын 4 өркениеттің, яғни – кәрі құрлық Еуропа, қарқынды дамып келе жатқан – Қытай, тарихы тереңде жатқан Үндістан, әлі де толқып жатқан Ислам өркениетін, басқа ондаған мәдениеттен және осы өркениеттер мен мәдениеттерге тән әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлерін бір алаңға жинап, тепе-теңдікті қамтамасыз ететін тың идеялар айтылатын заманауи диалог алаңына айналды. Еліміздің бұл бастамасы әлемнің ірі діндері мен конфессиялары үшін де үлгі болды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстардың жыл өткен сайын маңызы арта бермек.

Қ.Сапарниязов, «Шапағат» ҚҚ-ның теолог маманы

0

Автор публикации

не в сети 13 часов

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 961Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля