Жаңалықтар

«Деструктивті діни ағымдағы адамдармен жүргізілетін оңалту жұмыстарының әдіс-тәсілдері»

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының арнайы шақыртуымен М.С.Нәрікбаев атындағы университеттің «Ислам және қазақ құқығы орталығының» басшысы Асқар Сабдин Орталықтың теолог мамандарына арналған «Деструктивті діни ағымдағы адамдармен жүргізілетін оңалту жұмыстарының әдіс-тәсілдері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру семинарын өткізді. Қатысушылар саны – 25 теолог.
Семинардың негізгі мақсаты – теологтарға дін мен құқықтың өзара байланысын түсіндіру, мемлекет заңдарының дінмен үйлесімін қамтамасыз ету бойынша білімдерін шыңдау, әрі діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу үшін тиімді әдістер-тәсілдерді талқылау.
Семинар барысында дін мен құқық арасындағы үйлесімділік мәселелеріне тереңірек назар аударылды. Сонымен қатар, ДДА өкілдерін қазақстандық қоғамның құндылықтарына бейімдеу туралы баяндап, бірнеше әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Қатысушылар курста берілген пайымды пікірлерден терең ой түйіп, құқықтық және рухани тұрғыда байытылған ақпарат алды.
Айсұлу ЖЕКСЕНОВА
«Шапағат» ҚҚ-ның баспасөз маманы
0

Автор публикации

не в сети 2 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1032Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля