Жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев: Ясауи бабамыздың іліміне табан тіреуіміз керек

Бұл жөнінде Сенат Төрағасы бүгін Палата отырысында Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңды қарау барысында атап өтті. Отырыс кезінде Палата Спикері Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыс дәйекті және жүйелі түрде жүргізілуі қажет екенін айтты. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Түркістанды туризм орталығы ретінде дамытуға арналған үлкен бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бүгін қаралып жатқан заң да соның аясында әзірленді. Осы тұрғыдан келгенде Түркістанда Ясауитану орталығын қалыптастыру және ойшылға арналған музейді экспонаттармен, тиісті контентпен толтырудың маңызы зор. Бұл нысандарды Ясауидің өмірі мен ілімін дәріптейтін негізгі тетік ретінде қалыптастыру қажет», – деп, Мәулен Әшімбаев мұндай қадам Ясауи ілімін насихаттауға үлкен серпін беретінін тілге тиек етті. Сенат Төрағасы Ясауидің еңбектеріне қатысты ғылыми зерттеулер жүргізу ісін де жүйелі түрде іске асырудың маңызды екенін айтты.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Мәулен Әшімбаев: Ясауи бабамыздың іліміне табан тіреуіміз керек | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 2 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1032Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля