Дін және зайырлы құқықтың үндестіктері мен ортақ қағидаттары
Дін адам өмірінде де, қоғамда да заманына сай өзгеріп отыратын өзгешеліктердің де бәрін қамти алатын Жаратушы мен адамның ғана емес адам мен адамның қоғам мен адамның арасындағы үзілмейтін байланыс.
Өміріміздегі әлеуметтік және жалпы өмір сүру дәстүрін экономика мәселесі сауда жасау үйлену ажырасу мирасқорлық мұрагер болу сот үкімі мен шешімдері басқа да көптеген дәстүрлерді қарастырады
Діннің мемлекеттен, мемлекеттің діннен бейтарап болуы бұл Зайырлылық деген мәнді білдіреді. Жалпы сипаттамасы ізгілік пен қажеттілік. Қазақстан Республикасы конституциясы діни сенім бостандығына кепілдік береді бірақ әділетсіздік көрсетуге бағытталған тыныштықты бұзатын ақпарат таратуға жаланы жаюға құқық бермейді.
Зайырлы мемлекетте зайырлылық қағидаты бойынша діни заңдылықтарды мемлекет заңдарынан алыстату көзделгенмен бірақ діді қоғамнан бөліп тастау қарастырылмаған. Зайырлылық үзілді кесілді дінге тыйым салмайды керісінше дінді ұстау ұстанбауда таңдау береді.
Мемлекетіміздің азаматтарға берілген мүмкіндігін пайдалана отырып ешкімге зиян тигізбей орта жолды ұстанып өмір сүрген абзал. Мемлекет пен дінді ұштастыра алмау білімсіздіктен. Ислам дінінінің ең басты принциптерінің бірі жеке адамның өмірінің қауіпсіздігіне кепілдік беру. Ислам заңнамасы адамның өз өзіне зиян тигізу қол жұмсауына қатаң тыйым салады .
Адамның ой және сөз бостандығы ислам құқықтық заңнамасында қарастырылған. Заңға қайшы келмейтіндей өз жеке ойын білдіре алады.
Мемлекттік заңда қарастырылған сот жүйесінде де куәгердің болуы өтірік айтпай шынайы жауап беру т.б ислам заңдылығынан. Неке отбасын құруда да куәгер болу жариялау ол да ислам заңдылығында бар дүние. Көлік айдау ережесіндегі жолдың оң жағымен жүру исламдағы сүннет амалдан. Сауда саттықта таразыдан жемеу ислам заңдылығынан. Қарыз мәселесінде жазып қою немесе куә адамның болуы ол да ислам қағидаттарынан.
Сондықтан Дін мен Зайырлылық үндесе келе өзара ортақ қағидаттарына сүйенеді. Еліміз тыныш болып шариғат шеңберінде заңға үйлесіп өмр сүруді ұзағынан нәсіп еткей.
Мәулімберген мешітінің бас имамы М.Бағытжанов