Мүфтият умра жасаушыларға маңызды ескерту жариялады
Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі 2025 жылғы қажылық маусымына дайындыққа орай ұмра құлшылығын өтеуге ниет білдірген шет ел азаматтары үшін нақты мерзімді белгіледі. Ұмра жасау мақсатында Сауд Арабиясына келудің соңғы күні – 2025 жылдың 13 сәуірі. Ал Корольдік аумағынан шығудың ең соңғы мерзімі – 29 сәуір. Аталған мерзімнен кейін Корольдік аумағында қалып қойған шет ел азаматтары заң бұзушы ретінде танылып, тиісті жауапкершілікке тартылатыны ескертілді. Министрлік ұмра құлшылығын өтеуші шетелдік азаматтар мен оларды ұйымдастыратын туристік компанияларды белгіленген уақыт тәртібін сақтауға және бекітілген ережелер мен нұсқаулықтарды басшылыққа алуға шақырады. Сондай-ақ, ұмра рәсімінен кейін белгіленген мерзімде елден шықпаған жағдайда, шет елдік азаматтар мен оларды ұйымдастырған компанияларға 100 000 сауд риалына дейін айыппұл салынуы мүмкін екендігі ескертіледі.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Мүфтият умра жасаушыларға маңызды ескерту жариялады | Қазақстандағы Ислам
