ІІМ балалар лагерін террористік тұрғыдан осал объектілер тізіміне қосуды ұсынды
Ішкі істер министрі Ерлан Сәденов Үкімет отырысында балалар демалатын орындар мен лагерьлерді террористік тұрғыдан осал объектілер тізіміне қосуды ұсынды. – Балалар демалатын орындар мен лагерьлердегі қауіпсіздік мәселесіне келсек, бүгінде бұл нысандар террористік тұрғыдан осал объектілер тізіміне енгізілмеген. Сол себепті оларды күзетпен қамтамасыз етуге қатысты нақты талаптар жоқ. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктерге оларды арнайы тізімге енгізу ұсынылады, – деді министр. Сондай-ақ, ол жазғы каникул кезінде «Түнгі қалада қалған балалар» рейді ұйымдаcтырылатынын атап өтті.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: ІІМ балалар лагерін террористік тұрғыдан осал объектілер тізіміне қосуды ұсынды | Қазақстандағы Ислам
