Ұлттық домбыра күні: елде қандай іс-шаралар өтеді
Қазақстанда жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық Домбыра күні атап өтіледі. Биыл бұл мереке 6 шілдеде тойланбақ. 2018 жылы Президенттің бастамасымен бекітілген бұл мереке ұлттық бірегейлікті нығайтуға, жастардың дәстүрлі мәдениетке қызығушылығын оятуға және ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға бағытталған. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы күнге орай республикалық іс-шаралар жоспарын бекітті. Биыл ел көлемінде 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады, оның 200-ден астамы өңірлерде жоспарланған.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Ұлттық домбыра күні: елде қандай іс-шаралар өтеді | Қазақстандағы Ислам
