Жаңалықтар

Қытайда бала туатын робот пайда болды

Қытайдың Гуанчжоу қаласында орналасқан Kaiwa Technology компаниясы адам баласын жасанды жолмен дүниеге әкелетін жаңа технологияны таныстырды. Инженерлердің айтуынша, бұл жоба әйелді ауыр жүктіліктен толықтай босатып, ұрпақ әкелудің тың мүмкіндігін ашады, деп жазады Egemen.kz. Компания мамандары дайындап жатқан «туылу машинасында» бала жасанды жатырда дамып, қажетті қоректік заттарды пуповина қызметін атқаратын түтік арқылы алады. Бұл құрылғыны ғалымдар қарапайым инкубатор ретінде емес, адамға барынша ұқсас гуманоидты роботқа енгізуді көздеп отыр. Нәтижесінде робот адаммен өзара әрекеттесе алатын «жүкті андроид» бейнесінде жұмыс істемек. Зерттеушілердің болжамынша, бұл ғажайып техника келесі жылы нарыққа шығуы мүмкін. Ал бағасы 100 мың юаньнан (шамамен 14 мың АҚШ доллары) аспайды деп жоспарлануда. Жоба жарияланған сәттен бастап қоғамда түрлі пікір туды. Бірі – технологияны медицинадағы үлкен серпіліс деп бағаласа, енді бірі – этикалық және заңдық мәселелерге алаңдаулы. Әзірге компания өкілдері құрылғыны жетілдіру үстінде.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қытайда бала туатын робот пайда болды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1224Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля