Жаңалықтар

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

NetBlocks дерегіне сүйенсек, платформаларға бірнеше ірі провайдер деңгейінде тосқауыл қойылған. Естеріңізге сала кетейік, 29 қыркүйекте NetBlocks Ауғанстанда Талибанның «адамгершілікті қамтамасыз ету» шараларына байланысты интернеттің толық өшірілгенін хабарлады. Бұл ретте БҰҰ Ауғанстанның сыртқы әлемнен оқшауланғанын мәлімдеп, мұндай қадам халықтың өміріне, экономикасына және гуманитарлық жағдайға ауыр зардап тигізетініне алаңдаушылық білдірген. Байланыс болмауы халықаралық ақша аударымдарын тоқтатып, әуе рейстерін шектеп және төтенше қызметтердің жұмысына кедергі келтірген. Алайда Ауғанстанда интернет қызметі 48 сағат ішінде қайта қалпына келді. Бірақ билік өкілдері елде әдейі бұғаттау жасалғанын жоққа шығарып, мәселені ескірген талшықты-оптикалық кабельдердің ауыстырылуымен түсіндірген.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1224Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля