Жаңалықтар

Аида Балаева: «Капитан Байтасовтың ерлігі – нағыз патриотизмнің үлгісі»

Республика күні қарсаңында Астанада Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген «Капитан Байтасов» фильмі таныстырылды. Фильмнің тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Парламенті депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, актерлер мен туындының шығармашылық тобы, сондай-ақ батырдың отбасы – жұбайы Гүлжамал Тажиева мен ұлы Арманжан қатысты. Киноның көрсетілімі алдында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқып берді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде ержүрек сақшылардың ерлігі халыққа жанқиярлықпен қызмет етудің үлгісі ретінде жұртымыздың жадында сақталуға тиіс екенін айтты. Осы тұрғыдан келгенде, қалың көрерменге жол тартқан жаңа фильмді бұл бағыттағы іргелі істердің жарқын көрінісі деп қабылдаймыз. Ғазиз Байтасов – қысқа ғұмырында қылмысқа қарсы күресті қастерлі парыз санап, Отанға адал қызмет етудің озық үлгісін көрсетті»,– делінген құттықтау хатта.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Аида Балаева: «Капитан Байтасовтың ерлігі – нағыз патриотизмнің үлгісі» | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1224Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля