Жаңалықтар

Астанада «Ел салтанаты» атты мерейтойлық концерт өтті

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында «Ел салтанаты» атты мерейтойлық концерт өтті. Іс-шара «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жолдаған құттықтау хатын Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов оқып берді. «Алғаш құрылған күннен бастап-ақ ансамбль еліміздің мәдени кеңістігінде елеулі орын алып, төл өнерімізді әлемге таныту жолында аянбайеңбек етіп келеді. Осылайша, қазақ би өнерінің қара шаңырағы сан ұрпақтың рухани темірқазығына айналып, ұлттық болмысымыз бен мәдени құндылықтарымызды би тілінде сөйлете білді», – делінген министрдің құттықтауында. Концерт ұлттық хореографияның таңдаулы үлгілерін және түрлі этномәдени дәстүрлерді тоғыстырған көркем өнер мерекесі болды. Ансамбль жаңартылған концерттік бағдарламасында классикалық қазақ билері мен әлемдік хореографияның үздік қойылымдарын ұсынды.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Астанада «Ел салтанаты» атты мерейтойлық концерт өтті | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 23 часа

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1224Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля