Жаңалықтар

Діннің талабы тыныштық пен бейбітшілік

Ағымдағы жылдың 9-шы қыркүйек күні Қызылқоға ауданық ауруханасында «Діннің талабы тыныштық пен бейбітшілік» тақырыбында мекеме қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Дін істері басқармасы «Ақпаратық-талдау орталығының» маманы Н.Ғизат, Аудандық «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы қатысты. Ақпараттық – талдау орталығының маманы Н.Ғизат кездесу қонақтарын мекеме қызметкерлерге таныстырып кездесу тақырыбының негізгі мәселелерін айтып өтті. Сонымен бірге дін  мәселесіне байланысты қарым – қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасындағы Заңдар мен онда қарастырылған жауапкершіліктері туралы әңгімеледі. «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов мекеме қызметкерлеріне ұлттық құндылықтар, тәрбиенің маңыздылығы, ата-анаға деген құрмет, өмірге деген көзқарастың дұрыс болуын насихаттай келе, ислам дінінің мәдениеті жөнінде кеңінен сөз қозғады. Теолог маманы Ш.Темірқұлұлы  деструктивті жалған діни ағым мүшелерінің ұстанатын бағыттарын, олардың іс-әрекеттері жөнінде тоқталып және дәстүрлі бағыттағы діни уағыздаушылармен дәстүрлі діни әдебиеттер тізімін атап таныстырып өтті. Кездесу соңында тұрғындардың қойылған сұрақтарына мамандар нақты жауаптар берді.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля