ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРМЕН КҮРЕС – КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙТІН МӘСЕЛЕ

Қазіргі таңда елімізде де-структивті діни ағым иде-ологиясының таралуы күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналды. Бұл діни ағым өкіл-дерінің ортақ сипаты – діни сауаттылығының төмен бо-луы және қоғамнан оқша-улануы болып табылады.

Әлеуметтік желіні қол-данушылардың саны артқан сайын, жат идеологияны наси-хаттайтын ақпараттардың да саны көбейіп келеді. Атырау облысы Дін істері басқармасы-на қарасты Ақпараттық-талдау орталығы өткен жылдың сәуір айынан бастап әлеуметтік желілерде 4 бағыт бойынша зерделеу жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. Облысымы-здағы діни ахуалды бақыла-уға алу мақсатында арнайы бағдарламалар жасақталған.

Өткен жылы Ақпарат-тық-талдау орталығы маман-дарымен арнайы бағдарлама арқылы әлеуметтік желідегі деструктивті діни ағымды на-сихаттайтын 32 000 астам топ бұғатталса, ағымдағы жыл басынан бері 50 000 жуық топ бұғаттауға енгізілді. Сондай-ақ 18 мың адамның әлеуметтік желідегі парақшаларына зер-делеу жұмыстары жүргізілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 490 ба-бына сәйкес, әлеуметтік желіге діни ақпараттарды, оның ішін-де, ҚМДБ немесе шетелдік уағызшылардың видео неме-се фото түріндегі уағыз-наси-хаттарын жүктеп, жариялауға болмайды. Интернет кеңісті-гіндегі теріс діни ақпараттар-дың алдын-алу мақсатында, облыс тұрғындары арасында танымал әлеуметтік топтарға тіркелген парақшаларға зер-делеу жұмыстары жүргізіліп, ҚМДБ уағыздарын насихат-тайтын топтарға тіркеліп, діни материалдарды жеке парақша-сына жариялаған 783 азаматқа ескерту хабарламасы жіберілді.

Интернет желісінде дәстүрлі емес діни ағымның ақпараттары тез таралып, бірінің орнын бір алмастырып отырады. Осы себепті діни экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық насихат жұмыстарының маңызы зор. Осы бойынша қаңтар-мамыр айы аралығында жалпы саны 325 000 материал таратылды.

Орталық мамандары ҚР ӘҚБтК-нің 453-490 баптары өз күштерімен арнайы аудиохабар-ламаның дайындаған болатын. Аталған аудиохабарлама күн сайын облыс тұрғындарының 80% пайызын қамтитын «Аты-рау радиосы 102FM» әуе толқы-нында және халық көп шоғы-рланатын «Лимон», «Мұрагер», «Насиха», «Көктем», «КарСи-ти», «Бақдәулет» т.б. ірі сау-да орталықтарындағы радио рубкаларында жүргізілуде.

Теріс ағым өкілдері үшін жасөспірімдерді өз құрығына түсіру үшін көптеген түрлі ай-ла-тәсілдерді қолданады. Ал жасөспірімдік шақ – ең қауіпті кезең. Бұз кезеңде ата-аналар балаларын қатаң бақылауда ұстап, діни ағымдардың жете-гінде кетпеуіне жол бермеуі ке-рек. Осы мақсатта, аудиоақпа-раттар облысымыздағы 12 635 мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында «Whatsapp», «Telegram» таратылды.

Халықтың діни сауаттылығын арттырудың негізгі және тиімді тетіктерінің бірі бұл – ақпараттық наси-хат жұмысы. Орталықтың не-гізгі міндеті – ғаламтор қол-данушыларын радикалды діни идеологияның әсерінен қорғау үшін қарсы-насихат-тық жұмыстарды ұйымдастыру. Осы бағыт бойынша мақсатты топтар мектеп оқушыларымен, ұжымдық қы-зметкерлермен, университет студенттерімен кездесу өткізіп, ҚР ӘҚБтК 453-490 бабта-рымен таныстырып, әлеуметтік желіде діни теріс ағымдардың материалдарын пайдалану, та-рату, жүктеу, сақтау заңмен жазаланатынын ескертуде.

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля