Интеллектуалдық сайыс көлік және коммуникация колледжінде жалғасты

          Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Атырау көлік және коммуникация колледжінің студенттері арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

          Дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеуді мақсат еткен байқауға «Болашақ», «Қыран», «Жас қыран», «Сұңқар», «Бірлік», «Тұлпар», «Жомарт» топтары қатынасты.

          Сайысқа облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы А.Құмарғалиева, колледж психологы Б.Сәндібаева, бөлім меңгерушісі Н.Айбасова қазылық етіп, ең үздік топты анықтады.

          Cайыс нәтижесінде білімділігімен көзге түскен «Болашақ» тобы  І орынға ие болса, «Қыран» тобы ІІ орын, ал  «Жас қыран» тобы ІІІ орынды иеленді.

          Соңында барлық қатысушылар арнайы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ студенттерге ақпараттық-танымдық материалдар тартылды.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля