Интернет кеңістігіндегі діни радикалды идеологияның жастарға әсері

Әлеуметтік желі туралы түсінік бүгінде біздің өміріміздің белгілі бір бөлшегіне айналып кетті десек артық айтқандық емес.Өмірімізді әлеуметтік желісіз, интернетсіз, ғаламторсыз елестету бүгінде қиынның — қиыны болып тұрғаны белгілі. Біз бұл ғаламторды — жас мөлшерін талап етпейтін үлкен ақпараттық мусор деп санауға да болады. Өйткені, кез-келген адам өз жұмыстары барысында болсын, басқа болсын, қажетті материалдарды  жеткілікті деңгейде қолданса,ғаламтордың осындай жетістігі мен қолжетімділігін дәстүрлі емес діни ағымдар да өз пайдаларына тиімді қолдануда.  Ең алдымен экстремистік және террористік ұйымдар ғаламторды желі қолданушылардың әлі қалыптасып үлгермеген санасына ықпал ету үшін қолданады. Яғни, олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар болып табылады.  Олардың қызметі өздерінің идеологиясын белсенді түрде насихаттауға, жаңа мүшелерді өз қатарларына тартуға, жақтастарын теориялық және практикалық тұрғыдан оқытуға және өздеріне қарсы шыққан желі қолданушыларына қарсы ақпараттық күрес жүргізуге бағытталады.

Ғаламтор арқылы бір мәселені іздеген кезде радикалды бағытты ұстанатын ұйымдардың салған ақпараттарына кезігіп, олардың шейхтарының бейне және аудио жазбаларын тыңдауы мүмкін. Олардың жазбаларында жиһадқа шығу, шейіт болу секілді ұғымдардың бұрмаланған мағынасы беріліп, мұндай ақпараттар желі қолданушының санасына кері әсер етуі ықтимал.  Аталмыш тақырыпта шыққан роликтермен, аудио материалдар жастардың санасына бақылау (манипуляция) жасап, олардың шиеленіс аймақтарына кетуіне себеп болады.

Теріс пиғылды ағымдардың кейбір сайттары халықты экстремистік немесе террористік әрекеттерге шақыруды насихаттамауы мүмкін. Олар исламға арналған ақпараттық портал ретінде жұмыс жүргізеді. Алайда, олар шын мәнінде халықтың дәстүрлі діни ұстанымдарын ыдыратып, мұсылмандар арасына жік салып, дінді іштей бөлшектеуді көздеуі мүмкін. Мысалы, оларда парыздарды (намаз, ораза) орындамағандар кәпірге баланып, дәстүрлі ханафимәзһабына қайшы ақпараттар беріледі. Ал, діни сауаты жеткіліксіз ізденуші мұндай сайттардағы дін тақырыбындағы барлық мәліметтер мен деректерді сол қалпында қабылдап, санасына сіңіреді.

Жалпы, интернетте жарияланған түрлі ақпараттардың барлығын теологтар мен исламтанушылар өңдеп үлгермейді. Осы әлсіздікті тиімді пайдалана алған аймақтар қазіргі заманға сай  діни эволюция процесінде дамып келеді. Оқиғалардың осындай жағымсыз дамуына жол бермеу үшін радикалды тенденцияларды , олардың негізгі мақсаттарын анықтап, көпшілікке түсіндіріп және дәстүрлі дінімізге көлеңке түсіретін осындай сайттардың, әлеуметтік желілердің жауапкершілігін қатайту қажет.  Алайда, тыйым салынған сайттар бар. Оған кірген,  немесе ақпаратпен бөліскендер  ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 490 және 453 баптарымен жауапкершілікке тартылады. Осыған орай, аталмыш баптар бойынша, әлеуметтік желілерінде заңға қайшы идеяларды, дінді насихаттауға жол бермеу шараларының алдын алу мақсатында облыс тұрғындары арасында түсінік жұмыстары кеңінен жүргізіліп келеді. Сондықтан, интернет кеңістігінде әлеуметтік желіні пайдаланған кезде сақ болмаса, дін саласында кез-келген ақпараттарды ретсіз пайдалану, әкімшілік құқық бұзушылыққа әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 490 бабын бұзғаны үшін: Діни әдебиеттерді таратқан жеке тұлғаға 139 мың теңге, заңды тұлғаға 556 мың теңге; заңды діни қызметке кедергі келтірген жеке тұлғаға 139 мың теңге, заңды тұлғаға 278 мың теңге айыппұл салынады.

ҚР ӘҚБтК-нің 453 бабын бұзғаны үшін: Интернет ресурстарында діни араздықты қоздыру, экстремизм мен терроризмді насихаттауға бағытталған ақпарат жариялаған жеке тұлғаға 55 мың теңге, заңды тұлғаға 70 мың теңге айыппұл салынады.

Мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын, соның ішінде ғаламтор желісін ерекше бақылауға алу қазіргі таңда ең өзекті мәселеге айналып отыр. Мұндай құрбандыққа ұшыраудың басты себебі діни сауатсыздық деуімізге болады. Бұл жерде жасалатын нәрсе — осындай экстремистік және террористік идеологияны насихаттаушыларға қайтарым ретінде олардың негізгі ниетін, олардың зиянды әрекеттерін әшкерелейтін ақпараттарды осы ғаламтор бетінде дер кезінде, белсенді түрде таратып отыру. Бұл бағытта елімізде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жолында көптеген экстремистік ұйымдардың қызметіне соттың шешімімен тыйым салынып, діни мазмұндағы әдебиеттерге, аудио-бейне материалдарға, ғаламтор сайттарына дінтану сараптамасы жүргізіліп, алдын алу шаралары ретінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, осы бағытта көптеген қызметтер атқарылуда. Дегенмен мұндай халықтың руханияты мен ұлттық құндылықтарына, елдің ішкі тұрақтылығы мен тұтастығына қауіп төндіретін мәселеде тек кәсіби мамандар ғана емес, елін сүйген әрбір азаматтың  атсалысқаны жөн.

Біздің жұмысымыздың тағы бір маңызды бағыты — заңсыз контенттің, басқаша айтқанда, діни экстремистік мазмұндағы материалдардың анықталуы мен таралуын тоқтату мақсатында интернет-сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарға мониторинг жүргізу, азаматтарды, әсіресе жастарды, Интернет пен әлеуметтік желілерден туындауы мүмкін қауіп туралы ақпараттандыру, онлайн-кеңес беру.Біз ақпараттық-профилактикалық жұмыстарды барлық мақсатты жас топтарға (оқушыларға, студенттерге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, ауылдық және қалалық және т.б.), бірақ ең алдымен, деструктивті діни идеологиялық ықпалға түсуі мүмкін адамдарға бағыттайтынымызды атап өткен жөн.

Ата-аналары мен заңды өкілдері балаларының қандай мазмұндағы діни білім алып жатқандығына жіті назар аударып, күмәнді діни топтардың ықпалынан сақтандырудың жолдарын қарастырғаны абзал. Дінге қызығушылық танытқан оқушылардың ата-аналары мен заңды өкілдері олардың мінез-құлқы менжүріс-тұрысына уақтылы назар аударып, қандай кітаптар оқитынын, ақпарат алу дереккөздерін (ғаламтор сайттары мен әлеуметтік желілер) және діни қарым-қатынас ортасын қадағалап отыруы қажет. Бұл балалар мен жас жеткіншектерді деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мен алдын алудың тиімді жолдарының бірі, өйткені-зерттеу нәтижелері байқатқандай, отбасылық қарым-қатынас пен қамқорлықтың жетіспеуі, ата-аналық қадағалаудың әлсіздігі аталған әлеуметтік топтардың жат діни ағымдардың жетегінде кетуіне себеп болатын басты факторлардың бірі.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп, сыншыл тәуелсіз ойшылдарды, өнегелік құндылықтар жүйесін айқындаған еркін тұлғаларды тәрбиелеуге аса көңіл бөліп, зайырлы қоғам құрудың ең басты шарты ретінде діндарлықтың да саналы, білімге және мемлекеттің мүддесіне негізделген болуы қажет деп тұжырымдауға болады.

Ақпараттық-талдау орталығының
бөлім басшысы А.Құмарғалиева

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля