ИСЛАМ — ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ

Қазіргі таңда әлемдегі 2 миллиардқа жуық адам мұсылманшылықты ұстанады. Әлем бойынша Ислам дінін көптеген ұлттар ұстанады. Қазақстан халқының басым бөлігіне бірден-бір ортақ рухани құндылық, ол — Ислам діні. Әр нәрсенің екі ұшы бар демекші, дінді елді біріктірудің емес, керісінше бөлудің құралы ретінде пайдаланатындар бар. Ал қазіргі түрлі ағымдардың жетегіне көніп, айдауымен жүрген азаматтарымыз: біздің ата-бабамыз адасқан екен, тура жол осы екен деп, бір жолды ұстанып, сыртқы күштердің құралына айналып жүргендерін өздері де білмейді. Қазақстан сияқты энергияға бай елдің ішін осылайша ыдырату алпауыт елдерге жағатыны сөзсіз.

Мұсылмандар өзара бауырмалдық қағида төңірегінде топтасады. Жаңадан егемендік алған алғашқы онжылдықта діндар азаматтарымыздың арасында, мешіттерде береке-бірлік басым еді. Мешіткеи келуші жамағат бір имамға құлақ асып, айтқанымен жүріп келді. Түрлі ағымдар шыға бастағанда жамағаттың ортасы қақ жарылды. Неге десе, ағымның адамдары ел бірлігіне қарағанда өз идеологиясына басымдық береді. Осылайша алдымен отбасы бөлінеді, артынан қоғамның бөлінуіне алып барады.

Жылтырағанның бәріне қызыға берудің қажеті жоқ. Осы орайда әсіресе, жастарға айтарым: діндар екен, тақуа екен деп, өте нәзік болып табылатын дін мәселесінде көлденең көк аттыға сене беруге болмайды. Тіпті ол етжақын ағайыныңыз болса да.

Шындығында, дін зайырлы қо­ғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құ­зырлы мемлекеттік мекемелер елі­міздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады.Соңғы кезде әлемнің көптеген ел­дері үшін терроризммен күрес мә­селесі аса өзекті болып отыр. Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түр­лері және көрініс­тері­мен, ауқымы және қарқын­дылы­ғымен, зұлымдығы және қані­шер­лігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.

Біздің пікірімізше, ислам фунда­ментализмі, яғни, салафизм идеологиясы діни радикализмінің пайда болуы­на қатты ықпал етуде. Бұл жат идеологияны жақтаушылардың көз­қарастары мен ұстанымдары зайырлы қоғамда емін-еркін өмір сү­ретін дәстүрлі исламмен сәйкес келмейді.    Террористердің қауіптілігі сонда, қой терісін жамылған қасқыр іс­петтес, қасиетті Құран аяттарының үзінділерін тілге тиек етіп, өздерінің көздеген арам пиғылдарын іске асыру үшін діни құндылықтарды бұрмалауда.

Алайда терроризм және ислам – бір-біріне түпкі тамырынан бас­тап қарама-қайшы және бірін-бірі жоққа шығаратын көрініс.

Террористерде не аяушылық, не адамгершілік қасиеттер жоқ. «Терроризм» сөзі – араб тілінде «ирхаб», яғни, «қорқыту, үркіту» деген мағынаны білдіреді. Терроризм өз нысанасына бейкүнә адамдарды таңдап, балаларды аяусыз өлтіреді, оларды ата-аналарынан айырып, жетім қылдырады.

Зорлық-зомбылықтың барлық түрі Ислам нанымына қайшы келеді. Алла тағала адамдарға өзі бел­гі­леген шектен шықпауды бұйырды және жерде зұлымдық жасауға, әділет­сіздікке, зорлыққа, өлтіруге және қан төгуге тыйым салды. Бұған байланысты қасиетті Құранда «…Алла өзі қойған шектен шыққандарды ұнат­пайды» деген аят бар. Сонымен қатар, мұсылман баласы Жаратушы Иесінің алдында өзге адамдарға қылмыс жасамау тура­лы ескертпегендіктері үшін де жа­уап береді. Нағыз мұсылман адам жер бетінде арсыздыққа жол бермей, керісінше игілік және ізгілікке ұм­тылуы тиіс. Алланың қасиетті кітабында қоғамдық тәртіп бұзуға қатаң тыйым салынған. Құранның «әл-Ағраф» сүресінің 56-аятында «Тәртіпке келтірілгеннен кейін жер бетінде бұзықтық жасамаңдар» деген Алланың әмірі бар.

Құранда өз-өзіне қол жұмсау да үлкен күнә болып саналады. Мұсыл­ман ғұламалары беліне жарылғыш заттарды байлап, жазықсыз жандар арасында өзін-өзі жарып жібе­ретін­дерді қатты айыптайды, өйткені, Алла тағала өзін-өзі өлтіруге ашық тыйым салған. Құранның «Ниса» сүресінің 29-аятында «… өздеріңді өздерің өлтірмеңдер…» деген әмір бар. Сондықтан, Аллаға деген сені­мі зор және Құранның жолымен жү­ретін мұсылман баласы мұндай әрекетке ешуақытта бара алмайды.

Біз Ислам дінін үйренгенде бір­беткейлік пен асырасіл­теу­ші­ліктен бойын аулақ ұстайтын парасатты мұсылман тұлғасын тәрбиелеуге мүдделіміз. Біздің дәстүрлі дініміз ата-бабамыздың көп ғасырлық да­налығына не­гізделген. Ұлы Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп ұс­танған қазақ­тардың дәстүрлі мұсыл­ман­дығында басты негіз ретінде соқыр сенім емес, ақыл-парасат алынған. Ұс­тамдылық және қоғам бірлігін қорғау идеялары көптеген қазақ ойшылдарының философиялық еңбектерінде көрініс тапқан және бүгінгі қазақстандық қоғам арасында да кеңінен таратуға лайықты. Қазақ даласының әл-Фарабидан бастап Абайға дейін жалғасқан 1100 жылдық рухани тарихы бар. Сөзімнің соңында дін саласындағы түйшектелген мә­се­­лелерді шешу, экстремистік жә­не террористік мақсатта дінді пай­­далануға жол бермеу, зайырлы қоға­мымызға қауіп төндіріп тұрған үрдістерге тосқауыл қою – ортақ жұмысымыз екенін атап өтемін.

Халқымыздың басым бөлігі мұсылман болуымен қатар ата-бабамыздан келе жатқан ханафи  мазхабы мен матуриди ақидасын ұстанса, ел бірлігінің анағұрлым толық боларына сенімдіміз. Себебі, елімізге ағымдар кемей тұрып, дін мәселесінде ешбір келіспеушілік болмаған еді. Бәрі сол бір мазхаб пен сол бір ақиданың игі нәтижесі еді. Қоғамымыздағы мұсылмандар өзара бауырмал болса, өзге діндегілермен тату болса, берекеміздің артары сөзсіз.

Ұлт руханияты үшін ұлттық тіл, ұлттық діл және дін рухани тұғыр болып табылады. Осы үш діңгек бір-бірімен ажырамас бірлікте болғанда ұлт тұтастығы да берік.

Атырау облысы Дін істері басқармасы
Ақпараттық-талдау орталығының
бөлім басшысы Д.Муханбеталиев
0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля