Мектеп түлектерімен кездесу өтті

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен ақпараттық түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 13 мамырында Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің түлектерімен «Ақ жол, жас түлектер» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Д.Муханбеталиев, «Жардем-Атырау» корпоративтік қорының теологы А.Уразов, мектеп директоры А.Баймұханова, мұғалімдер мен психологтар қатысты.

Кездесуде Д.Мұхамбеталиев Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының талаптары, сондай-ақ ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453 және 490 баптарында көзделген құқықтық жауапкершілік туралы түсінік беріп, әлеуметтік желіде қараған, бөліскен әрбір ақпаратқа мұқият болу қажеттігін ескертіп, Орталық мамандары «Оlx», «Вконтакте», «Instagram», «Telegram» cекілді әлеуметтік желілерге тұрақты түрде зерделеу жұмыстарын жүргізіп отырғандығын жеткізді.

Сонымен қатар, кездесуге қатысқан мектеп түлектеріне Атырау облысы әкімдігі тарапынан «теология», «исламтану» және «дінтану» мамандықтары бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне берілетін білім беру гранты туралы толық ақпарат берілді.

Сондай-ақ А.Уразов діни ақпараттарды ресми сайттар мен мамандардан алуға кеңес беріп, діни ағымдардың идеологиясынан  қорғану мақсатында жат ағымдардың көріністері мен айырмашылығын түсіндірді.

Кездесу соңында орталықтан дайындалған «Қазақстандағы діни оқу орындары», «Жас талапкерге», «Жат ағымнан сақтаныңыз» тақырыбында жалпы саны 200 ақпараттық-танымдық материал таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля