«Ораза айт мейрамын өткізу» тақырыбындағы онлайн-брифинг өтті

          Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің  баспасөз  залында  ағымдағы жылдың  22 мамырында сағат 12:00-де   Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев және Атырау  облысы  «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы А.Ұтысханұлымен «Ораза айт мейрамын өткізу» тақырыбында онлайн -брифинг өтті.

          Онлайн-брифинг тікелей эфирде Атырау облысы әкімдігінің, «Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі», «Caspian news» телеарнасының «Facebook» желісінде және жергілікті «Caspian news» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді.

               Алдымен сөз алған Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Т.Мұсағалиевтің   еліміздегі  төтенше  жағдайға байланысты  қаулысына тоқталып, алдағы уақытта  қандай  объектілердің ашылатыны туралы хабардар етілетінін  жеткізді.

          Атырау  облысы «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы А.Ұтысханұлы барша Атырау халқын келе жатқан Айт мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген төтенше жағдайға байланысты көптеген құлшылықтардың мешіттерде орындалмаса да, үйде жасаған құлшылықтардың да сондай еселенген сауабы  болатындығын айтты. Айт намазы парыз емес, уәжіп болып саналады. Сондықтан, әлем ғұламаларының өзі осындай үкім беріп отырғандығын дұрыс түсіну керектігін айтты. Өз сөзінде А.Ұтысханұлы мешіт жанындағы «Шаңырақ» қайырымдылық қоры ашылып, қор тарапынан да үлкен көмек берілетінін, сонымен қатар, халықтың берген пітір-садақаларымен  жалғызбасты, көпбалалы аналарға, тұрмыс-тіршілігі қиын жандарға қайырымды істердің жасалғанын жеткізді.

           Әлеуметтік желіде Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы  А.Ұтысханұлына оразаға байланысты және пітір садақаға қатысты сұрақтар жолданды. Ал, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев әлеуметтік желілерде жарияланған мораторий төңірегіндегі және төтенше жағдай режимін бұзған діни бірлестіктер туралы  сауалдарға  жауап берді.

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля