Қазақ тілін ұлтаралық тілге айналдыру үшін не істеу керек?

Қазақ тілін ұлтаралық тілге айналдыру үшін не істеу керек?

Биыл қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 мың терминге сараптама жасалады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған.

«Қазақ тілінің терминологиялық базасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы 1971 жылдан бері 31 611 терминге лингвистикалық сараптама жасалған. Биыл қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 мың терминге сараптама жасау жоспарлануда. Жаңа терминдерді біріздендіру мақсатында «Termincom.kz» қызмет етеді. Мақұлдауға ұсынылған салалық терминдерді тек комиссия мүшелері ғана емес, сала мамандары мен жалпы жұртшылық талқылайды»,- деп атап өтеді вице-премьер.

Ералы Тоғжанов қазақ тілін ұлтаралық қатынастар тіліне айналдыру мақсатында жыл сайын оқыту курстары мен түрлі байқаулар, ынталандыру іс-шаралары ұйымдастырылып келе жатқанын айтады.

«Сонымен қатар қазақ тілі ұлттық корпусының мәтіндік базасын құру жұмысы қолға алынды. 2021 жылы публицистикалық мәтіндердердің 2 млн бірлігіне талдау жасалып, qazcorpora.kz сайтына орналастырылды», – делінген Үкімет басшысының орынбасарының жауабында.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля