Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы

Ұлт болашағы ұрпақ, ұрпақ болашағы ұлттық тәрбиеге тәуелді. Себебі әр  ұлттың қай  кезеңде  болмасын  алдында   тұратын ұлы міндеттерінің   ең бастысы өзінің ісін,  өмірін жалғастыратын  салауатты  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу. Ал  жастарды жан-жақты қабілетті  азамат  етіп өсіруде  халықтық салт  дәстүрлердің  тәлім -тәрбиелік  білім  танымдық ролі  жоғары.  Қазақ  халқы —  рухани байлықтың мұрагері.Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген   күміс  күйі, асқақтата салған әсем әні, батырлық жырлары   мақал-мәтел,  шешендік  сөз, айтыс өлеңдерінің  сан ғасыр бойы  өз ұрпағын  сегіз  қырлы, бір сырлы,  өнегелі де өнерлі  адамгершілік  ар-ожданы  жоғары  намысқой  азамат  етіп  тәрбиелеп келгені  тарихта бар шындық.

Бүгінгі  таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбие мен сананы, өнегелі діні мен дәстүрін,адамгершілігі бар асыл қасиеттерді  жастар бойына қалыптастыруда,оны оңтайлы пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны белгілі   Сондықтан ұлттық  мәдениеттің,әдебиеттің, тілдің,  халықтық  тарихы мен болашағы  да  жас ұрпақ тәрбиесіне  байланысты. Жастайынан ел өмірімен баланы таныс қылу, ел тұрмысын, ел тұрмысындағы елдің болмысын, дәстүрін баланың санасына жеткізу ата- ананың тектілігі, бұл дәстүр ұрпақты тектілікке бағыттайды. Себебі тектілік қазақы тәрбиенің негізгі күші. Ұлтының төл құндылықтарын жастайынан санасына сіңіріп өскен бала ұлттық санамен есейеді. Ұлттық санамен есейген қазақ тұлғаларының өмірінен ұғынатынымыз ұлттық тәрбиемен рухы жетілген жастар болашағына елінің мүддесі тұрғысынан қарап, ұлтының тағдырына ара түсетін, игілігіне қызмет ететін тұлға деңгейіне жетеді. Бұл жөнінде Жүсіп Баласағұнның өзінің «Құтты білік» атты еңбегінде тәрбие жайлы былай: «…Баланың мінез-құлқы жақсы тәрбиеден туындайды. Егер бала ебедейсіз, шамшыл, өбектеліп өскен болса, бұған алдымен оның ата-анасы кінәлі. Отбасы үшін бала –үлкен қуаныш. Баласыз бақыт жоқ. Бірақ, баланың тууы ата-анаға міндет, жауапкершілік те жүктейді. Отбасы тәрбиесі бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастыру негіздерінің негізі. Сондықтан оны балғын шағынан оқытып, жақсылап тәрбиелеу керек…– дейді.
Қорыта айтсақ болашақ қоғам  иелерін  жан-жақты жетілген, ақыл мен парасатқа бай  мәдени, ғылыми  өрісі  жоғары етіп тәрбиелеуі  аға  буынның  қоғам алдындағы үлкен борышы екенін ұмытпауымыз керек.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля