Өңірлік БАҚ өкілдері арасында діни экстремизм мен терроризм профилактикасына арналған байқаудың ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1.  Байқау    облыстық   деңгейде  өткізіледі.

1.2. Байқау дін саласы тақырыптарымен айналысып жүрген жергілікті журналистерді ынталандыру мақсатында ұйымдастырылады.

1.3. Байқауға жолданатын материалдар міндетті түрде 2019 жылдың     1 қаңтар – 20 қыркүйек айы аралығын қоса алғанда  Атырау облысы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болуы.

1.4. Өтетін орны : Атырау қаласы

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: қоғамдағы деструктивтік діни ағымдардың таралуын алдын-алу, олардың жеке тұлға мен қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпараттандыру, сонымен қоса еліміздің дәстүрлі мәдениетіне сай сана-сезім мен құндылықтарды нығайту бағытында қызмет етіп жүрген БАҚ өкілдерін ынталандыру.

Міндеттері:

  • Құқықтық және діни сауаттылықты арттыру;
  • Деструктивтік діни көзқарасты тарату әрекеттеріне ақпараттық                      тосқауыл қою;
  • Дінаралық келісім мен толеранттылықтың нығаюына үлес қосу;
  • Азаматтық және дәстүрлі ұлттық құндылықтарды насихаттау;
  • Дін тақырыбында БАҚ – та жарияланатын  эксремизм мен терроризмге қарсы   материалдардың сапасын арттыру.

3. Байқауды өткізудің тәртібі мен шарттары

3.1. Байқауға Атырау облысының (облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

3.2. Байқауға ұсынылған материалдарға келесідей талаптар қойылады:

— мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңнамаларына, дін мәселелері бойынша мемлекет саясатына қайшы келмеуі тиіс;

— мақалалар, телевизиялық хабарлар мен сюжеттер, радиобағдарламалар және өзге де материалдар дәстүрлі емес діни ағымдардың деструктивті табиғатына қарсы  әшкерелейтін, діни экстремизмнің алдын-алуға бағытталған, еліміздегі ортақ ауызбіршілік, адамгершілік, бейбітшілік пен тыныштықты насихаттайтын, жас ұрпақты елжандылыққа, елдік рухта тәрбиелейтін бағыттарда әзірленуі қажет.

3.3.1) Байқауға қатысушыларда келесі мәліметтер болуы тиіс:

  • Журналистің аты -жөні;
  • Ұсынылып отырған материалдың жанры (мақала,сұхбат,очерк,эссе,журналистік зерттеу бағытындағы талдамалық сюжет, деректі фильм, басқа да электронды материалдар) ;
  • Тұрақты мекен-жайы
  • Жұмыс орны,лауазымы;
  • Байланыс телефондары e-mail;
  • Баспа бетіндегі материалдар (газет аты, саны,күні).

3.3.2)  Байқауға жолданған газет материалдары қазақ немесе орыс тілінде және Word  форматында, PDF форматында жолдануы керек.

3.3.3)  Мақала  көлемі   2000 белгіден аспауы  тиіс

3.3.4) Байқауға қатысушылар телеарна эфирінде жарық көрген қазақ немесе орыс тіліндегі матриалдарды электронды түрде флешкада  жолдауы тиіс.

3.3.5) Байқауға хронометражы 3 минуттан жоғары теле бағдарламалар қабылданады.

3.3.6) Сұхбат түрінде берілген мақалалар, теле және радиохабарлар конкурсқа қабылданбайды.

3.3.7)  Байқау  қорытындысы  30 қыркүйекке дейін өтеді.

3.4. Телевизиялық  материалдар  Флешкамен қабылданады.

3.5. Мақалалар басылым беттерінен скриншот және Word  форматында жолдануы керек.

4.Қазылар алқасы

— Қазылар алқасы құрамы мен төрағасы тағайындалады

— Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.

— Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда төраға дауысы шешуші болып табылады.

4. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ақшалай марапаттау

«Үздік мақала»

1-ші орын – 30 АЕК

2-ші орын –  20 АЕК

3-ші орын – 15 АЕК

«Үздік телевизиялық  бағдарлама  немесе шығарылым»

1-ші орын  –  30 АЕК

2-ші орын –  20 АЕК

3-ші  орын —  15 АЕК

жүлде алмағандарға ынталандыру сыйлықтарын беру  әрқайсына — 4 АЕК

5.Ұйымдастырушы:

Барлық сұрақтар бойынша  «РУХ» психология және тұлғаны  дамыту орталығының (8- 777- 901-77-13)  баспасөз қызметіне  немесе Атырау облысы, Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау» орталығы  КММ-нің  маманы  Құбашқызы Ақерке  (8-778-996-14-19)    45-74-24 нөміріне хабарласуға  болады.

Е- mail: distan.konkurs@mail.ru

    ato_atyrau@mail.ru 

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля