Аида Балаева Қазақстан Рим-католиктік шіркеуінің басшысымен кездесті

20 мамырда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен Қазақстанның Рим-католик шіркеуінің басшысы, архиепископ Томаш Бернард Пэта арасында жұмыс кездесуі өтті. 

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды дамыту, дінаралық диалог пен конфессияаралық келісімді нығайту мәселелерін талқылады. 

Министр Рим-католик шіркеуінің қызметімен танысып, оның конфессияаралық келісім мен қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытудағы оң рөлін атап өтті. А. Балаева биылғы жылы христиандық Пасха мерекесі коронавирустық инфекциямен күресу кезеңімен сәйкес келгенін атап өтті және пандемиямен күресте көрсетілген қолдаулар үшін алғысын білдірді. 

Архиепископ Томаш Бернард Пэта діни құндылықтарды қалыптастырудағы діндарлармен мәдени-ағарту жұмыстары туралы айтып, Қазақстанның барлық аймақтарындағы шіркеулерде қатаң карантиндік шаралар қабылданатындығын растады. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар министрлік пен Рим-католик шіркеуі арасындағы ынтымақтастықты Қазақстанның гүлденуі жолында одан әрі жалғастыруға уағдаласты. 

Қазақстанда 18 ресми тіркелген конфессияның құрамында Рим католик шіркеуінің 86 діни бірлестігі жұмыс атқарады.

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля