Жаңалықтар

Америкалық саясаткер Құранды өртемек болды

Дирборн қаласында (Мичиган штаты, АҚШ) Флоридадан сенатқа үміткер, республикашыл Джейк Лэнг антиисламдық акция кезінде Құранды қорламақ болғаннан кейін үлкен дау туды, деп хабарлайды Yeni Safak. Оқиға орнынан түсірілген видеода Лэнгтің қасиетті кітапты жағуға тырысып, үстіне қандай да бір жанғыш сұйықтық құйғаны көрінеді. Алайда араласқан бір ер адам оның қолындағы Құранды жұлып алып, «Сен оны өртеуге құқығың жоқ» деп айтқан. Куәгерлердің айтуынша, сәтсіз әрекеттен кейін Лэнг өзінде тағы бір Құран барын айтып, кітаптың бетіне бекон қойған. Осыдан кейін жағдай ушыға түсті: бірнеше адам Лэнгтің қолындағы кітапты тартып алмақ болды, арада қақтығыс туындады. Ақырында біреу қасиетті мәтіннің данасын жұлып алып, оқиға орнынан алып шығып кетті. Джейк Лэнг – американ саясатындағы белгілі тұлға. Ол 2021 жылғы 6 қаңтардағы Капитолийді басып кіру оқиғасына қатысқандардың бірі ретінде Дональд Трамптың кешірім алғандар тізіміне енгізілген.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Америкалық саясаткер Құранды өртемек болды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1224Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля