Астана – дінбасыларды тоғыстырған шаһар

Астана күні Қазақстанда мемлекеттік мереке саналады. Әр жыл сайын 6 шілдеде аталып өтіп келеді. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңында Астана күнін тойлау мерзімі осы күнге  белгіленген. Бұл мерекенің ел азаматтары үшін қоғамдық-саяси маңызды саналатын мемлекеттік мәртебесі бар. Бас қаланың төл мерекесін бүкіл ел болып тойлайды. Салтанатты шаралар Астанада ғана емес, ірі қалаларда да өту үрдіске айналған. Сондай-ақ айтулы мереке мемлекеттік туды көтеру рәсімімен басталатыны айрықша. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында Астана жаңару мен жаңғыруға жол ашқан бірегей қала екендігін айтты. Президенттің айтуынша, Астана – діннің басын қосқан, дінбасылардың дәстүрін тоғыстырған шаһар. – Қазір Астана – дінаралық диалог пен рухани дипломатияның ордасы. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – соның айқын көрінісі. Елорда төрінде түрлі конфессия өкілдері бас қосты. Астанаға Рим папасы арнайы келгенін білесіздер. Кезінде аса мәртебелі ІІ Иоанн Павел қонақ болды. Былтыр аса қадірлі Франциск келді. Олар Қазақстанның әлемдік руханиятты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Біздің игі бастамаларымызға қолдау білдірді. Бұл – біз үшін зор мәртебе,  – деп айтты Мемлекет басшысы форумда. Жалпы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сьезі 3 жылда бір рет ұйымдастырылады. Ең алғаш астанада 2003 жылы өткен. Өткен жылы мұсылман, христиан және еврей ұйымдары және т.б. дін өкілдері қатысқан жиын мәдениеттер мен халықтардың жақындасуында маңызды рөл атқарады.  Съезд Бейбітшілік пен келісім сарайында бастау алып, діндер арасындағы бірқатар мәселелерді шешуге ықпал ете алды. Орнықты даму саласындағы БҰҰ мақсаттарының бірі де Астана қаласын дамытуға арналған. Бұл қуанттарлық жағдай. Елімізде осы бағытқа ерекше назар аударуда. Әлемнің жылдам дамып келе жатқан астаналарының қатарына кіретін елордамыз басқа қалалардың дамуына үлгі болды. Статистикаға көз жүгіртсек, еліміздің бас қаласының аумағы ұлғайып, халқының саны біршама өскен. Яғни Астанамыз дамып, көркейіп келе жатыр. Ендеше барша қазақстандықтарды Астананы 25  жылдық мерекесімен құттықтаймыз. Президент айтып кеткендей  «қабырғасымен ғана емес, адамдарымен де көрікті» Астана секілді жас қаласы бар еліміздің болашағы жарқын болатыны сөзсіз. Керегесі кең, экономикасы тұрақты, саясаты сыр бүкпес, ешкімге тәуелсіз ел ретінде қалыптаса берейік!

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Астана – дінбасыларды тоғыстырған шаһар | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 6 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 874Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля