Бала психологиясын зерделеуде нені ескермей жүрміз?

Балалар психологиясы – олардың даму факторларын, іс-әрекетін, психикалық үрдістері мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Баланың жеке басының қалыптасуы және оның ақыл-ойының өсуі әртүрлі әрекеттер процесінде жүзеге асады. Бала өмірінің бірінші күнінен бастап, өзінің дамуына ықпал жасайтын және онымен эмоциялық қатынаста болатын адамдардың қоршауында болады. Сондай-ақ баланың қасиеттері мен сапалары әртүрлі. Бөбектің өзін қоршаған ортамен танысуы және қабылданған объектілеріне талдау жасауы үшін айтарлықтай үлкен мүмкіндіктер болатынын зерттеп көрстеуге болады. Бұл үнемі өзгеріп отыратын компаненттер (мысалы, тамақтандыру жағдайында) оның бейімделуін қамтамассыз етеді. Әртүрлі жастағы балалар, олардың психикалық дамуы тұрғысынан алғанда да, алдымен іс-әрекеттің оларға тән әрі лайықты түрлеріне қарай өзара ерекшеленеді. Мысалы бір жасар сәби қолына түскен тәрсені соғып, сілкілеп, бір ойыншықты екіншісінің үстіне қойып, ұрғылап қимыл жасайды. Ал мектеп жасына дейінгі бала құрастыруымен шұғылданады, текшелерден үй тұрғызады, үй салады, жапсырады, оның үстінде қоршаған өмір оқиғаларын, сүйікті ертегі сюжетіттерін қайта жасап жаңғыртады. Баланың қоршаған дүниеге көзқарасы, оның қажеттіліктері мен қызығушылығы әсер ету жүйесімен анықталады. Егер нәрестеге үлкендермен үнемі эмоциялы қарым-қатынас жасау қажеттігі тән болса, оның себебі бүкіл өмірі үлкендердің қолында болуынан деп түсіндіріледі. Сонымен қатар баланың психикасының дамуы биологиялық, тарихи- әлеуметтік жағдайлар арқылы белгіленеді. Бұл шарттар болмаған уақытта адамға тән психикалық әрекеттер де дамымайды. Бірақ оларды бір-бірінен бөліп алмай, тұтас қарастыру қажет. Сондықтан баланың жан дүниесінің өсіп-дамуын білудің маңызы зор. Психиканың пайда болуы үшін биологиялық жағдай, анатомиялық- физилогиялық негіздері болуы керек. Психика пайда болуы үшін оның дұрыс дамып, әрекет етіп отыруы шарт. «Сөз – тәрбие негізі» демекші, бала сөзбен тәрбие алады. Себебі баланың еңсесін түсіретін де, жігерлендіретін де сөз. Барлық ата-ана баласына мақтауды да, даттауды да сөзімен білдіреді. Бала психологиясы жағымсыз, жаман әсерлерден тез жараланғыш келеді. Кейде балаға айтылған балағат сөздер немесе ашу үстінде аңдамай айтылған бір ауыз сөздің бала санасына қаншалықты ауыр соғатынынын байқамай жатамыз. Ал мұның соңы бала тәрбиесінің бұзылуына әкелетінін білесіз бе? Керісінше бала ержеткен соң бойынан дөрекілік байқала қалса, қоршаған ортаға кінә артып, бала тәрбиесінде абайсызда жіберген қате-кемшіліктерімізді ескере алмай жатамыз.

Қазіргі кезеде жастардың белгілі бір бөлігі компьютер мен интернет тәуелділігінің ықпалында, ал бұл қатерлі психикалық ауру болып саналады. Сондықтан да қоғам аталған мәселенің қауіптілігі мен маңыздылығын қалыптастыру қылмыстың өршуіне қауіп тудырып отыр Осы ретте Ресейдегі В.А.Бехтерев атындағы Психоневрологиялық институтының ғалымдары балалардың компьютерге үйірсектік белгілерін қалай көрсеткеніне тоқтала кететін болсақ: Компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру: Ата-аналармен кикілжіңге бару; Үйге кешігіп келу; Сабақ үлгерімі нашарлап, сабаққа жиі бармай қалу; Күнделікті ақшаға сұранысының көбеюі; Ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілетінің нашарлауы; Дені сау-саламатты ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, отбасы, мектеп, арнайы орта және жоғары оқу орындары боп бірлесе жұмыс жасау әрбірінің міндеті. Сонымен бірге, интернетті тиімді пайдалана білу де  ойланатын дүние екені анық. Мадияр ҚАРЖАУБАЙ, Қызылорда облысы дін істері басқармасының дін мәселелерін  зерттеу орталығы КММ   психолог маманы

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Бала психологиясын зерделеуде нені ескермей жүрміз?  | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 5 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля