Басқарма басшысы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

          Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған Ұлттық жоспарға сәйкес, халықтың өзекті мәселелерін талқылау бойынша үкіметтік емес ұйым өкілдерімен  кездесу өтті.

Кездесуге облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев, Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, «Жәрдем-Атырау»  корпоративтік қорының директоры Е.Жаулин, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры директорының орынбасары А.Айтмағамбетов, «Caspian news» ЖШС директоры Қ.Кертаев, «4 билік» қоғамдық бірлестігінің директоры А.Адиева, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Азаматтық орталығының» «Кеңес беру» бөлімінің маманы Ж.Серіков, «Иман жастары» еріктілер тобының белсендісі Ш.Сейтеков және Орталық мамандары қатынасты.

Кездесу барысында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу мақсатында дін саласы бойынша 2020 жылға арналған жоспарларға енгізілетін ұсыныстар талқыланды. Сондай-ақ, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің жұмысын жандандыру, жастардың діни сауаттылығын арттыру бағытында жаңаша форматтағы іс-шараларды жүзеге асыру жөнінде бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля