Болашаққа бағдар: білім және тәрбие

Ағымдағы жылдың 11-шы қыркүйек күні Қызылқоға ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкеc,Қызылқоға ауданы, Жамбыл ауылдық округі Қаракөл орта мектебінде ұстаздар мен оқушыларға кездесу өтті. «Болашаққа бағдар: білім және тәрбие» тақырыбын қамтыған кездесуге Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының «Мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет ету» бөлімінің басшысы А.Бақтығалиев, Ақпараттты-талдау орталығының маманы Н.Ғизат «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы, Қызылқоға ауданы «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов қатысты. Алдымен, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының «Мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет ету» бөлімінің басшысы А.Бақтығалиев жиынды ашып, Ақпараттық – талдау орталығының жұмысымен таныстырып, мақсат-маңыздылығына тоқталды. Мамандар бүгінгі күні жастарды толғандыратын әр түрлі мәселелерге тоқталып, қоғам мен мемлекет тыныштығын бұзатын әрекеттерден сақтанудың қажеттіліктерін айтып жеткізді. «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы:«Еліміздің тарихы мен мәдениеті көптеген ғасырлар бойы ислам дінімен тығыз байланыста дамып келеді. Ислам-қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі болып табылады»,- деп тақырып төңірегінде өз ойын жеткізді. Қызылқоға ауданы «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі зор екенін айтты.  Ұлттың бүгінгі де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты екендігіне тоқталды. Кездесу соңында ұстаздар мен оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар алды.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля