Бірнеше өңірде діни радикалдар ұсталды
2025 жылғы сәуірде ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана қаласы, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы діни радикалдардың әрекетінің жолын кесті. Терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды, олардың біреуі бұрын сотты болған. Тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Бірнеше өңірде діни радикалдар ұсталды | Қазақстандағы Ислам
